Philips SCD570/00 [58/148] Қазақша

Philips SCD570/00 [58/148] Қазақша
Ескертпе: Нәресте бөлігінде үндеткіштің дыбыс деңгейін тек бесік жыры ойнап жатқанда
орната аласыз. Бесік жыры үшін дыбыс деңгейін жоғары етіп орнатсаңыз, дыбыс ата-аналар
бөлігінде сөйлеу функциясын пайдаланған кезде де қатты болады.
4 Бесік жырын тоқтату үшін нәресте бөлігіндегі K түймесін басыңыз.

Ата-аналар бөлігін жоғалтып алсаңыз, ата-аналар бөлігін табу үшін нәресте бөлігіндегі FIND
(ТАБУ) түймесін басыңыз. Бұл функция тек ата-аналар бөлігі қосылып тұрғанда жұмыс істейді.
1 Нәресте бөлігіндегі FIND (ТАБУ) түймесін басыңыз, ата-аналар бөлігі пейджер дыбысын
шығарады (Cурет 5).
2 Пейджинг дыбысын тоқтату үшін, FIND (ТАБУ) түймесін қайта басыңыз немесе
ата-аналар бөлігіндегі кез келген түймені басыңыз. Пейджинг дыбысы автоматты түрде 2
минуттан кейін тоқтайды.

1 Нәресте бөлігі батареямен іске қосылғанда және батареяда жеткілікті заряд болғанда
батарея күйінің жарығы тұрақты жасыл болып жанады.
2 Батареямен жұмыс істеп тұрған нәресте бөлігінде заряд азая бастаса батарея күйінің
жарығы жылдам қызыл болып жыпылықтайды.
- Заряды азайғанда батареяларды ауыстырыңыз.


Мәзір белсенді болмаса, дыбыс деңгейін орнатуға болады. Жеті дыбыс деңгейі және «дыбысы
сөндірілген» параметрі бар.

1 + түймесін немесе - түймесін бір рет басыңыз.
, Дисплейде ағымдағы дыбыс деңгейі көрсетіледі.
2 Дыбыс деңгейін көтеру үшін + түймесін, ал төмендету үшін - түймесін басыңыз.
, 2 секундтан артық уақытта ешбір түйме басылмаса, дыбыс деңгейінің көрсеткіші
жоғалып, дыбыс деңгейінің параметрі сақталады.

Төменгі дыбыс деңгейі параметрінің астында «дыбысы сөндірілген» параметрі бар.
1 + түймесін немесе - түймесін бір рет басыңыз.
, Дисплейде ағымдағы дыбыс деңгейі көрсетіледі.
2 Дыбысты өшіру үшін 2 секундтан артық уақыт бойы - түймесін басып тұрыңыз.
, Дисплейде «MUTE» (Дыбыссыз) хабары және дыбыс өшірілген белгісі көрінеді (Cурет 6).
Ескертпе: Дыбыс өшірілсе, баланың дыбыс шығарып жатқанын тек дыбыс деңгейінің жарығы
көрсетеді.

1 Нәрестеңізге қолайлы болу үшін ата-аналар бөлігіндегі TALK (Сөйлеу) түймесін басып,
алдындағы микрофонға 15-30 см (0,5-1 фут) арақашықтықта тұрып анық
сөйлеңіз (Cурет 7).
Ескертпе: Нәресте бөлігінде бесік жыры үшін дыбыс деңгейін жоғары етіп орнатсаңыз, дыбыс
ата-аналар бөлігінде сөйлеу функциясын пайдаланған кезде де қатты болады.
58

Содержание

Скачать