Philips SCD570/00 [63/148] Қазақша

Philips SCD570/00 [63/148] Қазақша

16°C/61°F және 20°C/68°F аралығындағы температурада нәресте жақсы ұйықтайды. Ең төменгі
және ең жоғарғы температура ауқымын орнатуға болады. Температура ескертуін де орнатуға
болады.
1 Температура ішкі мәзірін ашу үшін мәзірден «Температура» тармағын таңдаңыз. Растау
үшін OK түймесін басыңыз.
2 Температура ішкі мәзірінен «Температура ауқымы» тармағын таңдап, растау үшін OK
түймесін басыңыз.
3 + және - түймелерін пайдаланып 10°C/50°F пен 19°C/66°F аралығындағы ең төмен
температура ауқымын және 22°C/72°F пен 37°C/99°F аралығындағы ең жоғарғы
температура ауқымын орнатыңыз. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
4 Температура ішкі мәзірінен «Ескерту» тармағын таңдаңыз. Растау үшін OK түймесін
басыңыз.
5 Ескерту опцияларының бірін таңдаңыз. Қол жетімді опциялар: тек дыбыс, дыбыс пен
діріл, тек діріл және тек дисплей. Растау үшін OK түймесін басыңыз. Дисплейде
температура ескертуі белгісі көрінеді.
6 Температура ішкі мәзірінен «Температура шкаласы» тармағын таңдап, растау үшін OK
түймесін басыңыз.
7 «Цельсий» немесе «Фаренгейт» шкаласын таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз.
, Дисплейде орнатылған шкаладағы температура көрсетіледі. Температура орнатылған
ауқымда болса, температура ескертуі белгісінде екі бөлік болады.
, Температура орнатылған ауқымнан төмен немесе жоғары болса, дисплейдегі
температура ескертуі белгісінде бір бөлік болады және ол жыпылықтайды. Дисплейде
«TOO COLD» (ТЫМ САЛҚЫН) немесе «TOO HOT» (ТЫМ ЫСТЫҚ) хабары
көрінеді. (Cурет 18)

Баланың жылап жатқанын ескерту үшін жылағанда ескертуді орнатуға болады.
1 + және - түймелерін пайдаланып мәзірден «Жылағанда ескерту» тармағын таңдаңыз.
Растау үшін OK түймесін басыңыз.
2 Дисплей «Turn Off» (Өшіру) параметрін көрсеткен кезде, растау үшін OK түймесін
басыңыз.
, Жылағанда ескерту көрсеткіші дисплейде көрінеді.
, төртінші дауыс деңгейіндегі жарық жанып тұруы үшін бала бөлмесіндегі дыбыс қатты
болса, жылағанда ескерту өшеді. Ата-аналар бөлігі діріл дыбысын шығарып, дисплейде
«Cry alert» (Жылағанда ескерту) хабары 4 секунд бойы көрінеді. Дыбыс азайғанша
немесе жылағанда ескертуді өшіргенше, жылағанда ескерту әр 8 секунд сайын
қайталанады (Cурет 19).
3 Жылағанда ескертуді өшіру үшін мәзірден «Cry alert» (Жылағанда ескерту) опциясын
таңдаңыз. Дисплейде «Vibration OFF» (Діріл ӨШТІ) хабары көрінгенде растау үшін OK
түймесін басыңыз.
 63

Содержание

Скачать