Grundfos SP 9- 32 (400В) 6' [25/46] Қолданылу аясы

Grundfos SP 9- 32 (400В) 6' [25/46] Қолданылу аясы
Қазақша (KZ)
25
Жабдықтаушының мүмкін болатын зақымдануларды мұқият
қарауға құқығы бар.
Назар
аударыңыз
Сорғы сақтықпен қарауды талап етеді.
Сорғыны артық соққы мен дүмпуге ұшыратпаңыз.
5.2 Жылжыту
Ескертпе
Қолмен жүзеге асырылатын көтеру жəне
тиеу-түсіру жұмыстарына қатысты
жергілікті нормалары мен ережелеріне
шектеу қажет болады.
Назар
аударыңыз
Құрылғыны тұтыну кабелінен көтеруге
рұқсат етілмейді.
6. Қолданылу аясы
Grundfos өндірісінің SP ұңғымалық сорғылары, сумен
қамтамасыз ету үшін, жер суаратын гидрожүйелер, топырақ
суының деңгейін төмендетуге, өрт сөндіру жүйесіне, қысымды
арттыруға жəне өнеркəсіптік қолданылымдағы басқа
жағдайларға қолданылады.
Аударып қотару сұйықтығының түрлері: таза аз тұтқыр, қатты
немесе ұзынталшықты қосылымсыз жарылысқа қауіпсіз
сұйықтықтар.
Судағы құмның мейлінше жоғары құрамы:
- SP 1A - SP 5A: 50 г/м
3
;
- SP 7 - SP 14: 150 г/м
3
(LSR стандартты орындалымындағы
сұйық силиконнан жасалған мойынтіректер);
- SP 17 - SP 60: 50 г/м
3
(NBR стандартты орындалымындағы
мойынтіректер); 100 г
3
(LSR арнайы орындалымындағы
сұйық силиконнан жасалған мойынтіректер);
- SP 77 - SP 215: 50 г/м
3
.
Құмның көбірек болуы пайдалану мерзімін азайтады жəне
сорғының блокталу қаупін тудырады.
Назар
аударыңыз
Егер аударып қотару сұйықтығында суға
қарағанда тым жоғары тығыздылыққа ие
болса, көбірек қуаттағы электр
қозғалтқышты орнатылым қажет болады.
Тұтқырлығы суға қарағанда жоғары аударып қотару
сұйықтығына арналған сорғыны қолдану барысында Сізден
Grundfos компаниямысен хабарласуыңызды сұраймыз.
Ауыз суға қарағанда аса агрессивті сұйықтықтарлы аударып
қотаруға арнайы орындалымдағы сорғыларды қолдану талап
етіледі: SP A...N, SP A...R, SP...N, SP...R и SP...E.
Жұмыс сұйықтығының мейлінше жоғары температурасы
15. Техникалық деректер бөлімінде көрсетіледі.
SPM сорғылары тау-кен өндірісі өнеркəсібіндегі объектілерде
шоғырлық сілтілеу процесінде ерітіндіні, қышқылды немесе
сілтіні аударып қотаруға арналады.
Назар
аударыңыз
SPM сорғылары ауызсуды аударып қотару
үшін пайдаланылмайды.
7. Қолданылу қағидаты
SP, SPM ұңғымалы сорғылар жұмыс доңғалағының қалақтары
бойымен ағатын сұйықтық энергиясын беру қағидатымен
жұмыс істейді. Сұйықтық ортадан тепкіш күш əсерімен жұмыс
доңғалағының орталығынан шетке қарай серпіледі. Жұмыс
доңғалағының орталығында тоқтан айырылу пайда болып,
сұйықтық жұмыс доңғалағына оның орталығындағы қысым
айырмасы ықпалымен жəне сыртқы қысым əсерімен түседі.
Бір жұмыс доңғалағына, артынша орнатылған екінші жұмыс
доңғалағының сұйықтықты күшін беру арқылы қысым
жоғарылайды.
8. Құрастыру
Ескертпе
Жұмысты бастар алдында электр қорегінің
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Электр қорегінің кездейсоқ қосылып кетуі
болмайтындығына көз жеткізіңіз.
Ескертпе
Монтаждау алдында сорғы тік күйіне
орналастырылмайынша орамда орналасуы
керек.
Нұсқау
Сорғыға қосылып жеткізілетін қосымша
фирмалық тақта сорғының басқару
сөресіне оның саңылауы мен
резервуарының қасында бекітілуі керек.
8.1 Электр қозғалтқышындағы аударып қотару
сұйықтығының деңгейін бақылау
Электр қозғалтқыштары дайындаушы зауытта -20 °C дейін
температураның төмендеуі барысында электр
қозғалтқышында судың мұздауынан сақтайтын ұлы емес
арнайы сұйықтықпен алдын ала толтырылады.
Нұсқау
Электр қозғалтқышындағы судың деңгейін
тексеріп отыру керек жəне қажеттілігіне
қарай оны толтырып отыған жөн. Таза
суды қолданыңыз.
Назар
аударыңыз
Егер мұздап қалудан сақтау қажет болса,
электр қозғалтқышына Grundfos
компаниясының арнайы сұйықтығын құю
керек. Қалған жағдайларда құюға таза суды
пайдалануға болады.
Үстеп құю сұйықтықтары төменде көрсетілгендерді сақтаумен
жүргізіледі.
8.1.1 Grundfos өндірісінің MS 4000 жəне MS 402 электр
қозғалтқыштары
Электр қозғалтқыштарының құю саңылауы келесі орындарда
орналасқан:
MS 4000: электр қозғалтқыштарының жоғарғы бөлігінде.
MS 402: электр қозғалтқыштарының түбінде.
1. Батыру сорғысын 5-суретте көрсетілгендей етіп
орналастырыңыз. Құю саңылауы қозғалтқыштың жоғарғы
нүктесінде болу керек.
2. Құю саңылауынан бұрандалы тығынды бұрап босатыңыз.
3. Арнайы шприцтің көмегімен электр қозғалтқышына
салқындатқыш сұйықтығын құю саңылауынан асып
төгілгенше құйыңыз. 5-сур. қар.
4. Құю саңылауының тығыныны қайтадан орнатыңыз жəне
оны осылай ете отырып, күйін өзгертпей тығыз тартыңыз.
Тарту сəттері
MS 4000: 3,0 Нм.
MS 402: 2,0 Нм.
Осыдан кейін батырма сорғысы монтаждауға дайын.
TM00 6423 0606
MS 4000 MS 402
5-сур. Толтыру барысындағы электр қозғалтқышының күйі
- MS 4000 жəне MS 402
8.1.2 Grundfos MS 6000 электрлі қозғалтқыштары
Егер электр қозғалтқышы қоймадан жеткізілетін болса,
сорғылық бөлігінде оны монтаждау алдында электр
қозғалтқышының сұйықтығының деңгейін тексеру керек.
6 -сур. қар.

Содержание

Похожие устройства

Скачать