Grundfos SP 9- 32 (400В) 6' [27/46] Құбырлы қосылым

Grundfos SP 9- 32 (400В) 6' [27/46] Құбырлы қосылым
Қазақша (KZ)
27
4. Салқындатқыш сұйықтығын құю процесін жəне сұйықтық
ағылғанша немесе диафрагма дұрыс күйіне
орналаспайынша қайталаңыз (8.1.4 Franklin фирмасының
4 жəне 6 электр қозғалтқыштары бөлімін қараңыз).
5. Сүзгіні алдыңғы орнына орнатыңыз.
Осыдан кейін батырма сорғы монтаждауға дайын.
TM00 1354 5092
10-сур. Құю клапанының күйі
8.2 Пайдалану орнында орнату
Ескертпе
Егер сорғыны барлығына қолжетімді орында
орнату қажет болса, онда жалғастырғыш
муфта түйісуден, мысалы салқындатқыш
қаптама арқылы оқшаулануы керек.
Электр қозғалтқышының түріне байланысты сорғы тігінен
немесе көлденеңінен орнатылады. Көлденең орнатылуға
арналған электр қозғалтқыштарының толық тізімі төменгі
«Көлденең монтеждау мүмкіндігіндегі электр
қозғалтқыштары» кестесінде келтірілген.
Егер сорғы көлденең монтаждалатын болса, сорғының
шығыс саңылауы ешбір жағдайда көлденең жазықтықтан
төмен болмауы керек. 11-сур. қар.
TM00 1355 5092
Допустимое
положение
Недопустимое
положение
Жол берілмейтін
күйлер
Жол берілетін
күйлер
11-сур. Монтаждау
Егер сорғы көлденең орнатылатын болса, мысалы, сұйық
қоймада, онда оны салқындатқыш қаптамада орнату
ұсынылады.
Көлденең монтаждау мүмкіндігімен электр
қозғалтқыштары
Электр
қозғалтқыш
Шығыс қуаты
50 Гц
[кВт]
Шығыс қуаты
60 Гц
[кВт]
MS Барлығы Барлығы
MMS 6 5,5 - 37 5,5 - 37
MMS 8000 22 - 92 22 - 92
MMS 10000 75 - 170 75 - 170
MMS 12000 147 - 190 -
Franklin фирмасының 2,2 кВт дейінгі қуатын қоса алғанда
4 дюймді электр қозғалтқыштарының қосылымының жиілігі
күніне 10 реттен астамын құрайды, оны жоғары
мойынтіректің тозуын төмендетуіне мүмкіндік беретін
көлденең деңгейге қатысты кемінде 15º бұрышпен орнату
ұсынылады.
Назар
аударыңыз
Пайдалану процесінде сорғының жұмыс
бөлігі үнемі сұйықтыққа батырылуы керек.
NPSH мəнінің сақталатындығына көз
жеткізіңіз.
Ескертпе
Егер сорғы ыстық сұйықтықтарды (40 °C
ден- 60 °C дей3н ) аударып қотаруға
арналатын болса, сорғының бөліктерімен
олар ыстық болуынан қорғаныш қоршауын
орнату жолымен адамдардың мүмкін
болатын байланысуының алдын алу керек.
8.3 Электр қозғалтқышының диаметрі
Сорғыны жұмыс күйіне орнатар алдында ұңғыманың еркін
күйін калибр көмегімен тексеру ұсынылады.
8.4 Құбырлы қосылым.
Шуылмен мəселе туындау барысында полимерлі
материалдардан жасалған құбырларды орнату ұсынылады.
Нұсқау
Полимерлі материалдардан жасалған
құбырларды қолдану тек 4 дюймді
диаметрлі сорғылар үшін ғана жол беріледі.
Бұл жағдайда сорғы арнайы темір арқан көмегімен бекітіледі.
Ескертпе
Полимерлі материалдардан жасалған
құбырлар жұмыс сұйықтығының жəне
сорғыдағы дамитын айдау қысымының
нақты температурасын ұстай
алатындығына көз жеткізу керек.
Егер сорғы полимерлі материалдардан жасалған
құбырлармен байланысқан болса, онда қысқыш құбырлы
муфта қолданылуы керек.
8.5 Монтаждың реттілігі
Монтаждау уақытында сорғыны ауыстыруды жеңілдету үшін,
сорғыға 50 см құбыр орнату ұсынылады.
Назар
аударыңыз
Сорғыны ағаш қораптан шығарып алмас
бұрын оны тік орналастыру ұсынылады.
TM05 1617 3311
12-сур. Сорғыны тік күйіне көтеру жəне орнату.
8.5.1 Электр қозғалтқышын сорғының бөлігіне орнату
Ұзын сорғыларды қолайлы жеткізу үшін электр қозғалтқыш
пен сорғы бөлшегі ажыратулы күйде буылып-түйіледі. Электр
қозғалтқыш пен сорғы бөлшегін даралап жеткізу барысында,
электр қозғалтқышты сорғы бөлшегіне келесі реттілікпен
қосыңыз:
1. Электр қозғалтқышының орнын ауыстыру үшін құбырлық
қамыт қолданыңыз.
2. Ұңғыма саңылауына қозғалтқышты тік күйінде орнатыңыз.
13-сур. қар.

Содержание

Похожие устройства

Скачать