Grundfos SP 9- 32 (400В) 6' [29/46] Электр жабдығын қосу

Grundfos SP 9- 32 (400В) 6' [29/46] Электр жабдығын қосу
Қазақша (KZ)
29
TM00 1368 2298
15-сур. Сақтандырғыш темір арқанды бекіту
Егер сорғы полимерлеу материалдардан жасалған
құбарлармен байланысатын болса, онда қысқышты құбыр
муфтасы қолданылуы қажет.
Ернемекті құбырларды қолдану барысында ернемектерде
егер бұл қарастырылған болса, су деңгейін көрсететін батыру
кабелі мен құбырларға ойық жасау қажет.
8.5.5 Су деңгейіне қатысты мейлінше жоғары монтаждау
тереңдігі [м]
Grundfos MS 402 150
Grundfos MS 4000 600
Grundfos MS 6000 600
Grundfos MMS 600
Электр қозғалтқыштары
Franklin
350
8.6 Кабельдерді бекіту
Батырылған кабельмен темір арқанды тіреуішке қамыттармен
бекіту үшін (оның болуы барысында), бұл қамыттар 3 метр
ара қашықтығымен орналасуы керек.
Grundfos сұраныс бойынша бекіту кабельдеріне арналған
жиынтығын жеткізеді.
1. Ұзына бойы кесігі жоқ таспаның ұшын мүмкіндігінше ұзын
болуы үшін (оның болуы барысында) кесіңіз.
2. Түймені бірінші ұзына бойы кесігіне қойыңыз.
3. Темір арқанды 16-суретте көрсетілгендей етіп, батыру
кабелін орнатыңыз.
TM00 1369 5092
16-сур. Кабельдерді бекіту
4. Таспаны темір арқан мен кабельдің айналасына бір рет
ораңыз. Кейін құбыр, темір арқан мен кабельдің
айналасына кем дегенде екі рет орап тығыз ораңыз.
5. Таспаның тілігін түйменің мөлшерімен кигізіңіз жəне
таспаны кесіп алыңыз.
Кабельдің қиығы көбірек болатын болса, таспаны бірнеше
рет орау керек.
Егер пластиктік құбырлар қолданылса, жүктемеден құбыр
созылуның есебімен еркін бекіту қажет.
Егер ернемекті қосылымдар қолданылатын болса, онда
кабельді бекітуге арналған қамыттар тек əрбір ернемекті
қосылымған ғана қолданылып қоймайды, сонымен қатар
олардың астыңғы жағына қолданылады.
8.7 Сорғыны түсіру
Сорғыны батырар алдында оның кедергісіз өтуін қамтамасыз
ету үшін, калибр көмегімен саңылауды тексеру керек.
Сорғыны ұңғымаға түсіру немесе шығару барысында оны
қысымды құбыр желісінде ұстап тұру қажет (тіреуше).
Сорғыны ұңғымаға электр қозғалтқышының кабелі мен су
өтпейтін батырма кабельді зақымдап алмас үшін сақтықпен
түсіріңіз.
Назар
аударыңыз
Сорғыны қорек кабелінен түсіруге немесе
тартуға рұқсат берілмейді.
8.8 Монтаждау тереңдігі
Судың динамикалық тереңдігі үнемі сорғының жұмыс
деңгейінен үнемі жоғарыда болуы керек. 8.2. Пайдалану
орнында орнату бөлімі мен 27-сур. қараңыз.
Мейлінше төмен қысым NPSBH сорғы қисығының сипатынан
алады. Сенімділік қоры кем дегенде 1 метрді құрауы керек.
Электр қозғалтқышының тиімді салқындатуын қамтамасыз
ету үшін, сорғыны құдық сүзгісінен жоғары орнату керек.
15.2 Аударып қотару сұйықтығының/салқындатқыш
сұйықтықтың температурасы бөлімін қараңыз.
Сорғының қажетті тереңдікке монтаждалуынан кейін,
ұңғыманың ауызын герметизациялауды орындау қажет.
Сақтандырғыш темір арқанды босатыңыз/жеңілдетіңіз жəне
бекіткіштер көмегімен ұңғыманың басына бекітіңіз.
Нұсқау
Сорғының монтаждау тереңдігіне қатысты
шешім қабылдар алдында полимерлі
материалдардан жасалған құбырлы сорғыны
монтаждау барысында құбырдың
жүктемедегі созылуын ескеру керек.
9. Электр жабдығын қосу
Ескертпе
Электр жабдығын монтаждау барысында
кездейсоқ электр қорегінің қосылып кетпеу
қаупі туындамауына көз жеткізіңіз.
Ескертпе
Электр жабдығын қосуды тек жергілікті
нормалар мен ережелерге сəйкес маман-
электрші ғана орындауы қажет.
Қорек кернеуі, мейлінше жоғары жол берілетін ток пен cos φ
монтаждау орнымен қатар бекітілуі қажет болатын басқару
сөресінде техникалық деректері бар қосымша тақташада
көрсетілген.
Үздіксіз пайдалану барысында Grundfos өндірісінің MS жəне
MMS электр қозғалтқыштарының клеммаларына осы
қозғалтқыштар үшін, кернеуден ауытқудың талап етілген
диапазоны номиналды кернеу мəнінен -10% дан +6% дейінгі
шегінде тұрады (кабельдерде жоғалтулар мен кернеуде
мүмкіндіктерді қоса алғанда).
Керену ассиметриясынан (қиғаштық фазасы) қорғаныш
қарастырылуы керек. 9.8 Электр қозғалтқышын жəне
кабельдерді тексеру бөлімі, 2-тармақты қараңыз.
Ескертпе
Сорғы жерге тұйықталуы керек.
Сорғы сыртқы аыратқышқа қосылуы керек,
байланыстар ажыратқышқа ең аз саңылау:
барлық полюстерде 3 мм.
Егер температураның (Tempcon) кіріктірілген қадағасымен MS
электр қозғалтқыштары MP 204 блоктарымен немесе
Grundfos ұқсас қорғаныш электр қозғалтқыштарымен бірге
орнатылмаған, оларды бірден екі фазалы жұмыс үшін,
мақұлданған 0,47 мкФ конденсаторына қосу керек.
Конденсатор температура қадағасы қосылған екі фазаға
қосылуы керек. 17-сур. қар.

Содержание

Похожие устройства

Скачать