Panasonic PT- LW312E [7/114] Русский 7

Panasonic PT- LW312E [7/114] Русский 7
Важные замечания!
РУССКИЙ - 7
ЕСКЕРТУ:
ҚУАТ
Розетканы жабдық жанында орнату керек және мәселелер орын алғанда оған қол жеткізу оңай болуы керек.
Келесі мәселелер орын алса, ашаны розеткадан бірден суырыңыз.
Проекторды бұл шарттарда үзіліссіз пайдалану өртке немесе электр тогының соғуына себеп болады.
z
Бөгде заттар немесе су проектор ішіне кірсе, ашаны розеткадан суырыңыз.
z
Егер проектор түсіріп алынса немесе корпус бұзылса, ашаны розеткадан суырыңыз.
z
Егер проектордан түтін, оғаш иістер немесе шу шығып жатқанын байқасаңыз, ашаны розеткадан суырыңыз.
Жөндеу үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз және өнімді өз бетіңізбен жөндеуге.
Найзағай болған кезде, проекторды немесе кабельді ұстамаңыз.
Электр тогының соғуы мүмкін.
Қуат сымын немесе қуат ашасын зақымдауы мүмкін ешнәрсе жасамаңыз.
Егер қуат сымы зақымдалған кезде пайдаланылса, электр тогының соғуы, қысқа тұйықталу немесе өрт шығуы мүмкін.
z
Қуат сымын зақымдамаңыз, оны жаңартпаңыз, ыстық заттардың жанына қоймаңыз, қатты бүкпеңіз,
айналдырмаңыз, тартпаңыз, үстіне ауыр заттар қоймаңыз немесе түйіндемеңіз.
Қуат сымын жөндеу қажет болса, өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қуат ашасын қабырғадағы розеткаға және қуат қосқышын проектордың ұясына мықтап тығыңыз.
Егер аша дұрыс қосылмаса, электр тогының соғуы немесе қызып кетуі мүмкін.
z
Зақымдалған қуат ашаларын немесе қабырғадан босап қалған қабырғалық роезткаларды қолданбаңыз.
Берілген қуат сымынан басқа сымдарды қолданбаңыз.
Бұл әрекетті орындамау электр тогының соғуына немесе өртке себеп болуы мүмкін. Егер құрылғыны розетканың
жанына жерге қосу үшін берілген қуат сымын пайдаланбасаңыз, бұл электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін
екенін ескеріңіз.
Қуат ашасын шаң басып қалмауы үшін үнемі тазалап тұрыңыз.
Мұны орындамау өртке себеп болуы мүмкін.
z
Егер қуат ашасына шаң жиналып қалса, нәтижесінде болатын ылғалдылық оқшаулауды зақымдауы мүмкін.
z
Егер проекторды ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз. Қуат ашасын
розеткадан суырып алып, оны құрғақ шүберекпен үнемі тазалаңыз.
Қуат ашасын және қуат қосқышын дымқыл қолдарыңызбен ұстамаңыз.
Бұл шараны орындамау электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.
Розетканы шамадан тыс жүктемеңіз.
Егер қуат көзі шамадан тыс жүктелсе (мысалы, тым көп адаптер пайдаланылса), қызып кетуі және өрт шығуына
себеп болуы мүмкін.
ПАЙДАЛАНУ/ОРНАТУ
Проекторды кілемдер немесе алаша сияқты жұмсақ материалдардың үстіне қоймаңыз.
Солай жасау проектордың қызып кетуіне, нәтижесінде күйіп қалу, өрт немесе проекторды зақымдауы мүмкін.
Проекторды ылғалды немесе шаң жерлерге, проекторға майлы түтін немесе бу тиетін жерлерде пайдалануға
болмайды.
Проекторды осындай шарттарда пайдалану өртке, электр тогының соғуына немесе құрамдас бөліктердің бүлінуіне
себеп болады. Құрамдас бөліктердің (төбеге орнату кронштейні) бүлінуі, төбеге орнатылған проектордың құлауына
себеп болуы мүмкін.
Проекторды оның салмағын толық көтеруге шамасы жеткіліксіз орындарға немесе еңкейтілген не тұрақсыз
беттерге орнатпаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау проектордың құлауына немесе төңкерілуіне себеп болады, нәтижесінде қатты
жарақат алу немесе зақымдануға себеп болады.
Орнату жұмысын (төбеге орнату кронштейні сияқты) білікті маман орындауы тиіс.
Егер орнату дұрыс орындалмаса немесе бекітілмесе, электр тогының соғуы сияқты жарақатқа себеп болуы мүмкін.
z
Проектордың құлап кетуіне жол бермеу үшін берілген керек-жарақ сымын қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде
құлақшасы бар бұрандамен бірге пайдаланыңыз. (Төбеге орнату кронштейнін басқа орынға орнату.)
Ауа кіретін/шығатын порттарды жаппаңыз.
Солай жасау проектордың қызып кетуіне әкеліп, нәтижесінде өрт немесе проекторды зақымдауы мүмкін.
z
Проекторды тар, нашар желдетілген жерге орнатпаңыз.
z
Проекторды шүберекке немесе қағазға қоймаңыз, бұл материалдар ауа кіретін портқа кіруі мүмкін.
z
Кез келген қабырғалар немесе нысандар мен шығыс порты арасында кем дегенде 1 m (40") бос орын және кез
келген қабырғалар немесе нысандар мен кіріс порты арасында кем дегенде 50 cm (20") орын қалдырыңыз.

Содержание

Скачать