Samsung BD-E5500 [102/108] Қосымша

Samsung BD-E5500 [102/108] Қосымша
Қосымша
Параметрлер
Anynet+ (HDMI-CEC)
• Теледидар түріне байланысты, кейбір HDMI шығыс ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі
мүмкін. Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
• HDMI кабелі CEC сигналын қолдамаса, бұл функцияны пайдалану мүмкін емес.
• Егер Samsung теледидарында Anynet+ логотипі болса, онда ол Anynet+ функциясын
қолдайды.
Управл. BD-данными
• Сыртқы жадтан ойнатылғанда, USB құрылғысын ойнату барысында ажыратса, ойнату
тоқтайды.
• Тек FAT файлдық жүйесінде пішімделген (DOS 8.3 том белгісі) USB құрылғыларына қолдау
көрсетіледі.
Оқу/жазу жылдамдығы 4 МБ/с немесе одан жоғары USB 2.0 протоколын қолдайтын USB
құрылғыларын пайдалану кеңесі беріледі.
• Сақтау құрылғысын пішімдегеннен кейін «Продолжить воспр.» функциясы жұмыс істемеуі
мүмкін.
• Жағдайларға қарай, BD деректерін басқару үшін қол жетімді жалпы жад басқаша болуы
мүмкін.
Мультимедианы
ойнату
Дыбыс тілін таңдау
• BONUSVIEW бөлімінде BONUSVIEW дыбыс параметрлері болмаса, экранда ◄► белгісі
көрсетілмейді.
• Аудио тілі функциясы арқылы пайдалануға болатын тілдер дискіде кодталған тілдерге тәуелді
болады. Бұл функцияны немесе белгілі тілдерді пайдалану мүмкін болмауы ықтимал.
• Кейбір Blu-ray дискілері PCM немесе ағылшын тіліндегі Dolby Digital дыбыс жолын
таңдауға мүмкіндік береді.
Параметрлер
Цифровой выход
• «Цифровой выход» параметрін дұрыс таңдау керек, әйтпесе ешбір дыбыс шықпайды немесе
өте қатты шығады.
• HDMI құрылғысы (AV ресивер, теледидар) қысылған пішімдермен (Dolby digital, DTS)
үйлесімді болмаса, дыбыс сигналы PCM болып шығады.
• Әдеттегі DVD дискілерінде BONUSVIEW дыбысы мен Жылжудың дыбыс әсерлері мүмкіндігі
жоқ.
• Кейбір Blu-ray дискілерінде BONUSVIEW дыбысы мен Жылжудың дыбыс әсерлері
мүмкіндігі жоқ.
• «Цифровой выход» параметрлерін орнату теледидарға HDMI аудио шығысына әсер етпейді.
Ол ойнатқыш AV қабылдағышына жалғанған кезде, оптикалық және HDMI аудио шығысына
әсер етеді.
• MPEG дыбыс жолдары ойнатылғанда, сандық шығыс сигналының таңдалған түріне
қарамастан (PCM немесе Битовый поток), дыбыстық сигнал PCM пішімінде беріледі.
Субдискретизация PCM
• «Субдискретизация PCM» параметрі Выкл. күйінде болса да, кейбір дискілер тек
субдискретизация жасалған дыбысты сандық оптикалық шығыстары арқылы шығарады.
• HDMI
- Теледидар қысылған көп арналы пішімдермен (Dolby Digital, DTS) үйлесімді болмаса,
параметрлерді орнату мәзірінде «Битовый поток» (қайта кодталған немесе өңделмеген)
параметрі таңдалған болса да, ойнатқыш 2 арналы төмендетілген PCM дыбысын
шығарады.
- Егер теледидар 48 кГц жоғары PCM дискретизация жиілігімен үйлесімді болмаса,
ойнатқыш 48 кГц шығара алады.
Интернет соединение BD-Live
• Жарамды сертификат деген не?
Ойнатқыш BD-LIVE қызметі арқылы серверге дискінің деректері мен дискіні күәландыру
сұрауын жібергенде, сервер жіберілген деректерді дискінің жарамдылығын тексеру үшін
пайдаланып, сертификатты ойнатқышқа қайтадан жібереді.
• BD-LIVE мазмұнын пайдаланғанда, Интернет байланысы шектеулі болуы мүмкін.
|
30 Қазақша
02025Z-BD-E5500-RU-KAZ-SEIN.indd 30 2012-04-23 오전 10:05:24

Содержание