Samsung BD-E5500 [84/108] Қосылымдар

Samsung BD-E5500 [84/108] Қосылымдар
Қосылымдар
Теледидарға жалғау
Өнімнің HDMI OUT ұясын HDMI кабелі (жинақпен бірге берілмейді) арқылы теледидардың
HDMI IN ұясына жалғаңыз.
- Барлық байланыстарды қосып болғанша қуат сымын розеткаға қоспаңыз.
- Байланыстарды ауыстырған кезде, бастамай тұрып барлық құрылғыларды өшіріңіз.
| ЕСКЕРТПЕ |
\
Бейнелеу құрылғысын жалғау үшін HDMI-DVI кабелі қолданылса, дыбысты есту үшін дыбыс жүйесіне ойнатқыштағы
Digital Audio Out ұясын да жалғау керек.
\
HDMI кабелі сандық бейне және дыбыс сигналын шығарады, сондықтан дыбыс кабелін жалғаудың қажеті жоқ.
\
Теледидар түріне байланысты, кейбір HDMI шығыс ажыратымдылықтары жұмыс істемеуі мүмкін. Теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
\
Ойнатқышты теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғап немесе жаңа теледидарға жалғап, алғаш рет қосқан кезде,
ойнатқыш HDMI шығыс ажыратымдылығын теледидар қолдайтын ең жоғары деңгейге автоматты түрде орнатады.
\
HDMI кабелі ұзын болса, экранда кедергі пайда болуы мүмкін. Егер бұл орын алса, мәзірде HDMI терең түс мүмкіндігін
Өшіру мәніне орнатыңыз.
\
Бейнелерді HDMI 720p, 1080i немесе 1080p шығыс режимінде қарау үшін жоғары жылдамдықты (2-санат) HDMI
кабелін пайдалану қажет.
\
HDMI теледидарға тек таза сандық сигнал шығарады.
Теледидар HDCP (High-bandwidth Digital Content Protection) функциясын қолдамаса, экранда кездейсоқ шуыл
пайда болады.
Бейне
Дыбыс
Дыбыс жүйесіне жалғау
Blu-ray ойнатқышын төменде көрсетілген әдістерді қолдану арқылы дыбыс жүйесіне
жалғауға болады.
- Барлық байланыстарды қосып болғанша қуат сымын розеткаға қоспаңыз.
- Байланыстарды ауыстырған кезде, бастамай тұрып барлық құрылғыларды өшіріңіз.
1-әдіс HDMI пішімін қолдайтын AV ресиверге жалғау
• Өнімнің HDMI OUT ұясын HDMI кабелі (жинақпен бірге берілмейді) арқылы ресивердің
HDMI IN ұясына жалғаңыз.
• Ең жоғары сапа (ұсынылады)
2-әдіс Dolby Digital немесе DTS декодері бар AV ресиверіне жалғау
• Сандық коаксиалды кабельді (бірге берілмейді) қолдана отырып, өнімдегі Coaxial Digital
Audio Out ұясын ресивердегі Digital Optical In ұясына жалғаңыз.
• Жақсы сапа
• Сандық шығыс параметрі PCM мәніне орнатылған кезде дыбыс тек алдыңғы екі динамик
арқылы естіледі.
БейнеБейне
2-әдіс1-әдіс
|
12 Қазақша
02025Z-BD-E5500-RU-KAZ-SEIN.indd 12 2012-04-23 오전 10:05:19

Содержание