Samsung BD-E5500 [105/108] Ақаулықтарды жою

Samsung BD-E5500 [105/108] Ақаулықтарды жою
07 Қосымша
Ақаулықтарды жою
Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, мына шешімдерді тексеріңіз.
АҚАУЛЫҚ ШЕШІМІ
Қашықтан басқару құралымен ешбір
әрекетті орындау мүмкін емес.
• Қашықтан басқару құралындағы батареяларды тексеріңіз. Оларды
ауыстыру қажет болуы мүмкін.
• Қашықтан басқару құралы мен ойнатқыш арасы 6,1 метрден аспауы
тиіс.
• Батареяларды шығарып алып, қашықтан басқару құралындағы
микропроцессордың қуатын бітіру үшін бір немесе бірнеше түймені
бірнеше минут басып тұрыңыз. Батареяларды қайта салып, қашықтан
басқару құралын қайта қосып көріңіз.
Диск ойнатылмайды. • Диск суреті жоғары қаратылып салынғанын тексеріңіз.
• Blu-ray/ DVD дискісінің аймақтық кодын тексеріңіз.
Диск мәзірі көрсетілмейді. • Дискіде диск мәзірлерінің бар екенін тексеріңіз.
Экранда тыйым салу хабарламасы
көрсетіледі.
• Бұл хабарлама жарамсыз түйме басылған кезде көрсетіледі.
• Blu-ray/DVD дискісінің бағдарламалық құралы бұл мүмкіндікті (мысалы,
бұрыштарды) қолдамайды.
• Ауқымнан тыс тақырыпты, тарау нөмірін немесе іздеу уақытын
сұрадыңыз.
Ойнату режимі «Настройки» мәзіріндегі
таңдаудан өзгеше.
• Диск тиісті функциямен кодталмаған болса, «Настройки» мәзірінде
таңдалған кейбір функциялар дұрыс істемеуі мүмкін.
Экран пішімін өзгерту мүмкін емес. • Экран пішімі Вlu-ray/ DVD дискісінде бекітілген.
• Бұл ойнатқыштың ақаулығы емес.
Дыбыс жоқ. • Дыбыс опциялары мәзірінен «Цифровой выход» параметрі дұрыс
таңдалғанын тексеріңіз.
АҚАУЛЫҚ ШЕШІМІ
Экран бос. • HDMI шығыс сигналының параметрі теледидар қолдамайтын
ажыратымдылыққа орнатылғанда (мысалы, 1080p), теледидарда сурет
көрсетілмеуі мүмкін.
• Дискті салмастан,
p
түймесін (алдыңғы панельде) 5 секундтан
артық басып тұрыңыз. Параметрлердің барлығы зауыттық мәндерге
қайтарылады.
• Зауыттық әдепкі параметрлер қалпына келтірілгенде, пайдаланушының
сақталған бүкіл BD деректері жойылады.
PIN кодты ұмыту • Дискті салмастан,
p
түймесін (алдыңғы панельде) 5 секундтан артық
басып тұрыңыз. Барлық параметрлердің, оның ішінде кілтсөздердің,
зауыттық мәндері қалпына келеді.
Мұны аса қажетті жағдайда ғана қолданыңыз.
• Зауыттық әдепкі параметрлер қалпына келтірілгенде, пайдаланушының
сақталған бүкіл BD деректері жойылады.
Басқа ақаулықтарға тап болғанда. • Мазмұнға өтіп, пайдаланушы нұсқаулығының туындаған мәселені
түсіндіретін бөлімін тауып алып, процедураны қайта орындаңыз.
• Егер мәселе шешілмесе, ең жақын орналасқан Samsung өкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бейне дірілдейді немесе шуы бар • Диск бетінің кірленбегенін немесе сызылмағанын тексеріңіз.
• Дискіні тазалаңыз.
HDMI шығыс сигналы жоқ • Ойнатқыштың HDMI ұяшығы мен теледидар арасындағы байланысты
тексеріңіз.
• Теледидар HDMI 576p/480p, 720p, 1080i немесе 1080p
ажыратымдылығын қолдайтынын тексеріңіз.
HDMI шығысының экраны қалыптан тыс. • Экранда кездейсоқ шулар пайда болса, теледидар HDCP (Кең жолақты
сандық мазмұнның қорғауы) қолдамайтынын көрсетеді.
Қазақша 33
|
02025Z-BD-E5500-RU-KAZ-SEIN.indd 33 2012-04-23 오전 10:05:25

Содержание