Indesit b 18 a1 d/i [11/442] Тоңазытқыш бөлімі

11
Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз, босатыңыз, мұзды ерітіңіз (қажет болғанда) және
тазалаңыз. Бөлімдер ішінде ауаның циркуляциясына мүмкіндік беру үшін есіктерді сәл
ашық ұстаңыз. Осының нәтижесінше зең және жағымсыз иістің таралуын болдырмауға
болады.


Есіктерді жабық ұстаңыз, осылайша тағамдар мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы сұық күйінде
сақталады. Ішінара ерітілген тағамдарды қайта мұздатпаңыз. Егер қуат үзілісі ұзаққа
созылса, шамды өшіру сигналы белсендірілуі мүмкін (электроникалық өнімдерде).

Тоңазытқыш бөлімі балғын тағамдар және сусындарды сақтауға мүмкіндік береді.

Бөлімнің ішіндегі артқы бетінде су тамшыларының болуы автоматты еріту кезеңінің белгісі
болып табылады. Еріген су төгу құбырына бағытталады және кейін буланатын контейнерде
жиналады.
Үлгісіне байланысты өнім арнайы «Нөлдік градус» бөлімімен жабдықталуы мүмкін, ол
балғын ет және балықты сақтау үшін аса оңтайлы.
 тоңазытқыштың керек-жарақтарын ыдыс жуғыш машинасында тазаламаңыз.
 ортаның температурасы, есіктердің ашылу жиілігі және құрылғының орналасуы
екі бөлімдердегі ішкі температурасына әсер етуі мүмкін. Температураларды осы
жағдайларға сәйкес орнатыңыз.
 өте ылғалды жағдайларда тоңазытқыш бөлімінде, әсіресе әйнек сөрелерде
конденсат түзілуі мүмкін. Мұндай жағдайда сұйықтық бар контейнерлерді (мысалы,
сорпа құйылған ыдыс) жабу, сұйықтығы көп тағамдарды (мысалы, көкөністер) орау және
жабдықталған жағдайда желдеткішті қосу ұсынылады.

Жәшікті сыртқа қарай мүмкіндігінше алыс етіп тартыңыз да, жоғары көтеріп шығарыңыз.
Жеміс және көкөніс жәшігінің шығарылуын оңайлату үшін екі төменгі есік сөрелерін
босатып, (және мүмкіндігінше шығарып алу) кейін жәшікті шығару қажет болуы мүмкін.


Желдеткіш бөлімдер ішіндегі температураның таралуын және сәйкесінше тағамдардың
сақталуын жақсартып, шамадан тыс ылғалдылықты азайтады. Желдету аймағын бөгемеңіз.
Желдеткіш қолмен қосыла/өшіріле алады (Қысқа нұсқаулықты қараңыз); егер желдеткіш
қосулы болса, қажет болғанда ол автоматты түрде жұмыс істейді.


Содержание

Похожие устройства

Скачать