Indesit b 18 a1 d/i [14/442] Нөлдік градус бөлімі

Indesit b 18 a1 d/i [14/442] Нөлдік градус бөлімі
14
«НӨЛДІК ГРАДУС» БӨЛІМІ (үлгіге байланысты)
«Нөлдік градус» бөлімі балғын тағамдарды (мысалы,
ет, балық, жеміс және қысқы көкөністер) ұзақ уақыт
бойы сақтау үшін төмен температураға және тиісті
ылғалдылыққа қол жеткізу үшін арнайы жасалған.
Activ0° мүмкіндігімен байланыстырылған ылғалдылықты
басқару технологиясы тағам толығымен оралмаған кезде
оның үздік сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөлімді қосу және өшіру
Бөлімнің ішкі температурасы бөлім қосулы күйде шамамен 0° тең.
Бөлімді қосу үшін суретте көрсетілген
түймешікті белгіше жанбағанша бір
секундтан артық басып ұстап тұрыңыз.
Жанып тұратын белгіше бөлімнің жұмыс
істеп тұрғандығын білдіреді. Бөлімді
өшіру үшін түймешікті бір секундтан артық
басып ұстап тұрыңыз. Бөлімді толық
өшіру үшін жәшікті шығару қажет.
«Нөлдік градус» бөлімі тиісінше жұмыс істеуі үшін келесі жағдайлар орындалуы тиіс:
- тоңазытқыш бөлімі қосылуы тиіс
- температура +2°C және +6°C аралығында
- «Нөлдік градус» бөліміндегі жәшік енгізіліп тұруы тиіс
- келесі арнайы функциялардың бірі таңдалмаған: Stand-by, Cooling-Off, Vacation (бар
болса), бұл жағдайда оның ішіндегі тағамдарды шығарыңыз.
Ескертпе:
- егер бөлімді қосқан жағдайда белгіше жанбаса, жәшіктің тиісінше енгізілуін тексеріңіз; егер
ақаулық шешілмесе өкілетті Техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.
- егер бөлім қосулы және жәшік шығарылған болса, басқару панеліндегі белгіше автоматты
түрде өшуі мүмкін. Жәшік енгізілген кезде белгіше қайта жанады
- бөлімнің жағдайына байланыссыз, қалыпты деп есептелетін сәл естілетін шу естілуі
мүмкін.
- бөлім жұмыс істемеген жағдайда оның ішіндегі температура тоңазытқыш бөлімінің жалпы
температурасына байланысты болады. Мұндай жағдайда суыққа төзімді емес жеміс және
көкөніс (жидек, алма, өрік, сәбіз, шпинат, қырыққабат) мұнда сақтала алады.
Маңызды: Егер бөлім қосулы және құрамында сұйықтығы көп тағамдар оның ішінде болса,
сөрелерде конденсат түзілуі мүмкін. Мұндай жағдайда функцияны уақытша өшіріңіз.
Өлшемі кішкентай тағамдар және контейнерлердің сөрелердің арасына және тоңазытқыш
бөлімінің артқы жағына түсіп қалуын болдырмау үшін «Нөлдік градус» бөлімінің сөресіне
орнату кезінде абай болыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать