Redmond RMC-M4513 — мультипісіргіштің функциялары мен бағдарламалары туралы ақпарат [31/44]

Превью страниц Страница 31 / 44
Redmond RMC-M4513 [31/44] Молочная каша бағдарламасы
RMC-M4513
31
KAZ
6. Қажет болғанда стартты шегеру уақытын орнатыңыз.
«Отсрочка старта» («Стартты шегеру») функциясы «ЖАРКА», «МАКАРОНЫ» және
«ЭКСПРЕСС» бағдарламалары пайдаланылғанда қол жетімсіз.
7. Әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін түймешігін басыңыз. және түймешік-
терінің индикаторлары жанады. Әзірлеу уақытының керісінше есебі, таңдалған әзірлеу
бағдарламасына байланысты, түймешігі басылған соң бірден немесе табада қажет-
ті температура болғанда басталады.
Қажет болғанда түймешігін басып, автоқыздыру функциясын алдын ала өшіруге
болады. түймешігінің индикаторы өшеді. түймешігі қайта басылса, бұл функция
қайта қосылады. «ЙОГУРТ» және «ЭКСПРЕСС» бағдарламалары пайдаланылғанда автоқы-
здыру функциясы қол жетімсіз.
8.
Әзірлеу бағдарламасы аяқталуы туралы дыбыс сигналы хабарлайды, дисплейде «End»
жазуы пайда болады. Ары қарай, таңдалған бағдарламаға немесе ағымдағы теңшелім-
дерге байланысты аспап автоқыздыру режиміне ( түймешігінің индикаторы және
дисплейде «Подогрев» («Ысыту») жазуы жанады) немесе күту режиміне ауысады.
9.
Енгізілген бағдарламаны болдырмау, әзірлеу үдерісін немесе автоысытуды тоқтату
үшін түймешігін басып, бірнеше секунд ұстаңыз.
Сапалы нәтиже шығару үшін мультипісіргішіне ілескен арнайы бұл үлгі үшін әзірленген
аспаздық кітаптағы тағамды әзірлеу бойынша рецепттерді пайдалануды ұсынамыз.
Тиісті рецепттерді www.redmond.company сайтында да таба аласыз.
Егер әдеттегі автоматты бағдарламаларда қажетті нәтижеге жете алмадым деп
ойласаңыз, «МУЛЬТИПОВАР» әмбебап бағдарламасын пайдаланыңыз, ол сіздің аспаздық
эксперименттеріңіз үшін көп мүмкіндік ашады.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама пайдаланушы тапсырған температура параметрі мен әзірлеу уақыты
бойынша тағамды әзірлеуге арналған. Мультипісіргіші «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасының
арқасында бір қатар асханалық құралды алмастыра алады және ескі аспаздық кітапта
табылған немесе Интернеттен алынған сіз үшін қызық іс жүзінде кез келген рецепт бой-
ынша тағамды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Егер әзірлеу температурасы 80°С аспаса, автоысыту функциясы қолмен қосылу мүмкін-
дігінсіз өшеді.
Әдепкі «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әзірлеу уақыты 30 минут, әзірлеу температу-
расы 100°С құрайды. Бағдарламада температураны қолмен орнату диапазоны 5°С қада-
мымен 35-170°С құрайды. Уақытты қолмен орнату диапазоны 1 мин. қадамымен 2 мин.
15 сағ дейін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Температура 130°С жоғары орнатылғанда қауіпсіздік мақсатында
әзірлеу уақыты екі сағатпен шектеледі.
«ПЛОВ» бағдарламасы
Бағдарлама әртүрлі палау түрлерін әзірлеуге арналған. Әдепкі бағдарламада әзірлеу
уақыты 35 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут қадамымен 10 минуттан 2 сағатқа
дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
«НА ПАРУ» бағдарламасы
Ет, құс еті, балық, көкөніс және құрамдасы көп тағамды буда әзірлеуге арналған. Әдепкі
бағдарламада әзірлеу уақыты 30 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут қадамымен 10
минуттан 2 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
Бұл бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнерді пайдаланыңыз (жинаққа кіреді):
1. Табаға 400-800 мл су құйыңыз. Табаға буда әзірлеу контейнерін орнатыңыз.
2. Азық-түлікті рецептке сәйкес өлшеп, дайындаңыз және контейнерге біркелкі салып,
табаны аспап корпусына қойыңыз. Таба қыздыру элементіне тығыз тиіп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланғанда жылпы әрекеттер тәртібінің 3-8 тар-
мақтарының нұсқауларын ұстаныңыз.
Су қайнаған соң және табада жеткілікті бу тығыздығы болғанда аспап дыбыс сигналын
шығарады. Әзірлеу бағдарламасының жұмыс істеу уақытының керісінше есебі басталады.
«СУП» бағдарламасы
Сорпа, қатық, көкөністік және ет, балық, құс еті немесе көкөністік суық көжелерін әзірле-
уге арналған. Әдепкі бағдарламада әзірлеу уақыты 40 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 5
минут қадамымен 20 минуттан 8 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.
Жұмыс параметріне өтер алдында аспап дыбыстық сигнал береді. Аспаптың қақпағын
ашыңыз және сорпаның көбігін алып тастаңыз.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Бағдарлама суды қайнатуды, ингредиенттерді салуды және ары қарай әзірлеуді қарасты-
рады. Су қайнау сәті және азықты салу қажеттілігі туралы дыбыс сргналы ескертеді. Әзірлеу
уақытының керісінше есебі түймешігі қайта басылған соң басталады.
Әдепкі бағдарламада әзірлеу уақыты 8 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут қадамымен
2минуттан 1 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады. «Отсрочка старта» («Стартты
шегеру») және «Автоподогрев» («Автоысыту») функциялары бұл бағдарламада қол жетімсіз.
Кейбір азық әзірленгенде (мысалы, макарон, тұшпара және басқасы) көбік қалыптасады.
Ол таба сыртына тасымау үшін азық-түлік қайнаған суға салынған соң бірнеше минут-
тан кейін қақпақты ашуға болады.
«МОЛОЧНАЯ КАША» бағдарламасы
Майы аз пастерленген сүтті пайдаланып, ботқаны әзірлеуге арналған. Әдепкі бағдарлама-
да әзірлеу уақыты 25 минут құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут қадамымен 5 минуттан 1
сағат 30 минутқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға болады.

Содержание

428

Мультипісіргіштің әртүрлі бағдарламалары мен функциялары, соның ішінде автоысыту, стартты шегеру және әзірлеу уақытын орнату туралы толық ақпарат.

Кешбек Менеджер