Redmond RMK-M271 [32/40] Сурет 5 бет

Redmond RMK-M271 [32/40] Сурет 5 бет
32
Стартты кейінге қалдыру функциясы, «ЖАРКА», «МАКАРОНЫ» және «ЭКСПРЕСС» бағдар-
ламаларын қоспағанда, барлық автоматты әзірлеу бағдарламалары үшін қол жетімді.
Егер рецептіде жылдам бұзылатын өнімдер (жұмыртқалар, балғын сүт, ет, ірімшік және
т.б.) болса, Отсрочка старта функциясын пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағамдар температурасын сақтау (автожылыту)
Бұл функция әзірлеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірден автоматты түрде қосылып,
дайын тағам температурасын 12 сағат бойы 70-75°С шектерінде сақтай алады. Автожылы-
ту жұмыс жасаған кезде «Отмена/Разогрев» батырмасының жарықтық индикаторы
жанады.
Қажет кезде «Отмена/Разогрев» батырмасын басып, автожылытуды сөндіруге болады.
Автожылытуды алдын ала сөндіру
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталған бойда автожылытуды қоспаған жөн. Осыны
ескерумен, REDMOND RMK-M271 мультиасүйдерінде негізгі әзірлеу бағдарламасын іске
қосу немесе жұмыс жасау кезінде осы функцияны алдын ала сөндіру функциясы қарасты-
рылған. Осы мақсатта старт уақыты кезінде немесе бағдарлама жұмысы барысында «Старт»
батырмасын басыңыз. Автожылытуды қайта қосу үшін «Старт» батырмасын қайта басыңыз.
«ЙОГУРТ», «МАКАРОНЫ», «ЭКСПРЕСС» бағдарламаларын пайдалану барысында автожылы-
ту қызметі жұмыс жасамайды және «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын орнату барысын-
да әзірлеу температурасы 80°С-тан төмен.
Тағамдарды жылыту
REDMOND RMK-M271 мультиасүйін салқын тағамдарды жылыту үшін пайдалануға болады.
Бұл мақсатта:
1. Өнімдерді тостағанға салыңыз, оны мультиасүй корпусына орнатыңыз.
2. Қақпақты жауып, аспапты электр желісіне қосыңыз,
басқышын басыңыз.
3.
«Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз. Дисплейде тиісті индикатор жанады. Таймер
жылыту уақытын тікелей санай бастайды.
Аспап тағамды 70-75°С дейін жылытып, оны ыстық күйінде 12 сағат бойы сақтайды. Қажет
болған жағдайда «Отмена/Разогрев» батырмасын басу арқылы жылытуды тоқтатуға болады.
Автожылыту және жылыту функциялары арқасында мультиасүй өнімдерді 12 сағатқа
дейін ыстық күйінде сақтай алады, алайда біз тағамды ыстық күйінде 2-3 сағаттан
астам қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне алып
келуі мүмкін.
«MASTERFRY» функциясы (
A3
сурет, 5 бет)
REDMOND RMK-M271 көтерме қыздыру элементтерімен жабдықталған. Осының арқасын-
да мультиасуйда сіз тек тостаған ғана емес, сонымен қатар жарасымды табаны да қолдана
аласыз.
Қыздыру элементінің күйін өзгерту үшін қауіпсіздік мақсаттарында шымшуырды қол-
даныңыз (жеткізу жиынтығына кіреді).
Жоғары айқындамаға қыздыру элементін орнату үшін, оны тірегінен мұқият көтеріңіз және
жұмыс камераларының қабырғаларындағы қиманы сенімді бекітуіне дейін сағат тілі
бойымен жеңіл айналдырыңыз.
Төменгі айқындамаға дискілік қыздырғышты орнатуда бекіту жұмыс камерасының қабы-
рғаларындағы қимасынан шығуы үшін, жайлап көтеріңіз және сағат тіліне қарсы дискіні
жеңіл айналдыра отырып, мұқият түсіріңіз.
Егер аспап электр желісіне қосылған болса, қыздыру элементінің күйін өзгертуге ты-
рыспаңыз!
Егер дискілік қыздырғыш элементін жоғары айқындамада орнатылған болса, аспап
қақпағын жабуға рұқсат етілмейді.
Мультиасүйде дайындау үшін түбі жұқа, диаметрі бойынша қыздыру элементімен
сәйкес келетін ыдысты пайдаланыңыз. Ыдыстың түбі температура датчигін толығымен
жапқан және қысып тұрған жағдайда диаметрі аз ыдысты пайдалануға болады. Жұмыс
барысында ыдыс корпустың деформациясын болдырмас үшін аспаптың пластика бөлік-
теріне тимеуі тиіс. Ыдысты қыздыру элементінің ортасына орнатыңыз.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы
Өзіңіз үшін жаңа «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясымен бірге аспаздық шығармашылық
үшін мол мүмкіндіктер ашыңыз! Егер «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы іске қосқанға дейін
бағдарлама жұмысының параметрлерін белгілеуге мүмкіндік берсе, «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ»
функциясын пайдаланып, сіз баптауларды тікелей әзірлеу барысында өзгерте аласыз.
«ЭКСПРЕСС» және «ЙОГУРТ» автоматты бағдарламаларын пайдалану кезінде «МАСТЕР-
ШЕФ ЛАЙТ» функциясы қолжетімді емес.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын қолдану кезінде температураны өзгерту 1°С қадаммен
35-160°С диапазонында мүмкін. Әзірлеудің минималды уақыты 1 минут, әзірлеудің
максималды уақыты таңдалынған бағдарламаға байланысты, орнату қадамы — 1 минут.
Сіз «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметін тек әзірлеу барысында ғана пайдалана аласыз. «Баста-
уды кейінге қалдыру» қызметінің жұмысы кезінде және жұмыс режиміне шығуды күтуде
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі қол жетімді болмайды.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы сіз әр түрлі әзірлеу бағдарламаларының үйлесімін қажет
ететін күрделі рецептілер бойынша тағамды әзірлеген жағдайда айрықша пайдалы
болуы мүмкін.
Әзірлеу температурасын өзгерту үшін:
1.
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында «Темп.» батырмасын басыңыз. Дисплей-
де температура шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2.
Қалаулы температураны орнатыңыз. Арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін «–»
батырмасын басыңыз. Жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
Максималды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан
басталады.

Содержание