Zanussi ZSF 2415 [20/68] Орнату

Zanussi ZSF 2415 [20/68] Орнату
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,
шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған
тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі
мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз. Құрылғыда қалған қалдық тұз
құрылғыны тоттандыруы немесе
табанын ойып
жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан
басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш
машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш)
салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып,
бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда
құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып
кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Ыдыстарды жуу
бағдарламасы
аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Орнату
Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне
көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз,
сатушыға хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып іске қосар алдында
орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Электр қосылымына, құбыр жүйесіне,
құрылғыны орнатуға қатысты
жұмыстарды тек білікті маман іске
асыруға тиіс. Бұл құрылғының
құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
Құрылғыны орнату барысында оның
ашасының розеткадан ағытылғанына
көз
жеткізіңіз.
Құрылғының қабырғаларын, оның
гидравликалық немесе электрлік
бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін
бұрғылап теспеңіз.
Суға қосу
Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа
түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне
немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған
құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше
минут ағызғаннан кейін су құятын түтікті
жалғаңыз.
Құрылғыны орнатып жатқанда, су
түтіктерінің жаншылып қалмағанын
немесе бүлінбегенін тексеріңіз.
Су құбыры жалғастырғыштарының су
ақпайтындай берік орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны алғаш
рет іске қосқанда,
түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы аша мен
қорек сымының
жаншылып немесе
бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
20

Содержание