Vitek VT-6403 BK [29/40] Қазақ

Vitek VT-6403 BK [29/40] Қазақ

9
 Қашықтағы бергіштің Цельсий бойынша 0°-ден төмен
темпрературада жұмыс істеу кезінде оның батарейкаларының кернеуі
азайып, соның салдарынан оның таратқышының әсері радиусы шектеледі.

Базалық блок ағымдағы уақыт пен датаны көрсете алады. Ағымдағы
уақыттың, датаның және апта күнінің арасында ауысу үшін CLOCK
батырмасын басыңыз.
Ағымдағы уақыт пен датаны белгілеу үшін CLOCK батырмасын басып 3
секундтан аса ұстап тұрыңыз. Сіз уақыттың көрсетілу форматын (12 сағат
немесе 24 сағат), ағымдағы уақытты (сағат : минут) және датаны белгілей
аласыз.
«▼/▲» батырмаларын параметрлерді енгізу үшін пайдаланыңыз. Енгізілген
параметрлерді растау үшін CLOCK батырмасын басыңыз.

Қоңыраулы сағат режимін қосу үшін ALARM батырмасын басыңыз. СК-
дисплей экранында «AL» символы пайда болады. Қоңыраулы сағатты қосу/
айыру үшін берілген батырманы тағы басыңыз, қоңыраулы сағат қосылғанда
СК-дисплейде символы пайда болады.
Қоңыраулы сағаттың істеу уақытын белгілеу үшін ALARM батырмасын басып
ұстап тұрыңыз. Қоңыраулы сағаттың сағатты белгілеу сандары жыпылықтай
бастайды. «▼/▲» батырмалары көмегімен қоңыраулы сағаттың істеу сағатын
белгілеңіз. Белгіленген мәнді растау үшін ALARM батырмасын басыңыз.
Қоңыраулы сағаттың минут сандары жыпылықтай бастайды: «▼/▲»
батырмаларының көмегімен қоңыраулы сағаттың минуттарын белгілеңіз.
Белгіленген мәнді растау үшін ALARM батырмасын басыңыз.
Қоңыраулы сағатты айыру үшін ALARM батырмасын басыңыз.

Қоңыраулы сағаттың сигналын SNOOZE/LIGHT батырмасын басу арқылы 10
минутқа айыруға болады. СК-дисплейде «Zz» символдары пайда болады. 10
минуттан кейін қоңыраулы сағат сигналы қайталанады. Қоңыраулы сағатты
айыру үшін ALARM батырмасын басыңыз.

Егер базалық блок батарейкалардан жұмыс істесе, дисплейді жарықпен
көмескілеу үшін SNOOZE/LIGHT батырмасын басыңыз.
6403IM.indd 29 19.03.2008 14:13:47
Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 2

Какого цвета цифры?
5 лет назад