Samsung MS23K3515AK — инструкция по обслуживанию и ремонту духовки: запчасти, правила безопасности [81/144]

Превью страниц Страница 81 / 144
Samsung MS23K3515AK [81/144] Пештің функциялары
Казақ 9
Пештің функциялары
Ауыстыру (жөндеу)
ЕСКЕРТУ
Бұл пештің ішінде пайдаланушы ағытып алуға болатын ешбір бөлшек жоқ. Пешті өзіңіз жөндеуге
немесе бөлшектерін ауыстыруға әрекеттенбеңіз.
Топсаларға, тығыздағышқа, және/немесе есікке қатысты мәселе туындаса, білікті техникке
немесе жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласып, техникалық көмек алыңыз.
Егер жарықтама шамын ауыстырғыңыз келсе, жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Өзіңіз ауыстырмаңыз.
Егер пештің сыртқы корпусына қатысты мәселе туындаса, әуелі қуат сымын қуат көзінен ағытып,
содан кейін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтім көрсету
Егер пешті ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, қуат сымын ағытып, пешті құрғақ, шаңы жоқ жерге
қойыңыз. Пештің ішіне жиналып қалатын ылғал және шаң пештің жұмысына әсер етуі мүмкін.
Пештің функциялары
Пеш
01 02 04
09 100706
03
0805
01 Есіктің тұтқасы 02 Есік 03 Желдеткіш саңылаулар
04 Шам 05 Есік бекітпелері 06 Бұрылмалы табақ
07 Жалғастырғыш 08 Айналмалы шығырық 09 Қауіпсіздік бекітпесінің
саңылаулары
10 Басқару панелі
MS23K3515AS_DE68-04422H-01_RU+UK+KK+UZ.indb 9 9/6/2016 4:15:29 PM

Содержание

464

Узнайте, как самостоятельно ремонтировать духовку, заменять запчасти и следить за техническим обслуживанием для долговечности прибора. Важные рекомендации от специалистов.