Samsung MS23K3515AK — микротолқынды пештің уақытын орнату және қуат деңгейлері [84/144]

Превью страниц Страница 84 / 144
Samsung MS23K3515AK [84/144] Пешті іске пайдалану
12Казақ
Пешті іске пайдалану
Пешті іске пайдалану
Уақытты орнату
Қуат берілген кезде, дисплейде “88:88”, содан кейін “12:00” автоматты түрде көрінеді.
Ағымдық уақытты орнатыңыз. Уақытты 24-сағат немесе 12-сағаттық режим бойынша көрсетуге
болады. Сағатты келесі жағдайларда орнату керек:
Микротолқынды пешті алғаш орнатқанда
Электр қуаты өшіп қалғанда
ЕСКЕРТПЕ
Жазғы және қысқы уақыттарды ауыстырған кезде сағатты қайта орнатуды ұмытпаңыз.
1
1. Таңдау/Сағат түймесін басыңыз.
4
3
2
2. Диск тетігін бұрап, 24-сағаттық немесе
12-сағаттық режимді орнатыңыз. Содан кейін
Таңдау/Сағат түймесін басыңыз.
3. Сағатты орнату үшін Диск тетігін бұраңыз. Содан
кейін Таңдау/Сағат түймесін басыңыз.
4. Минутты орнату үшін Диск тетігін бұраңыз.
5
5. Дұрыс уақыт көрсетілген кезде, сағат жұмыс істей
бастау үшін Таңдау/Сағат түймесін басыңыз.
Нәтижесі: Микротолқынды пешті қолданбаған
кезде, уақыт әрқашан көрсетіліп
тұрады.
Қуат деңгейлері және уақыт өзгерістері
Қуат функциясы бөлінетін қуаттың мөлшері мен тағам пісіруге немесе қыздыруға қажетті уақытты,
тағамның түрі мен мөлшеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Алты қуат деңгейінен қажетін
таңдай аласыз.
Қуат мәні Пайыз Шығысы
ЖОҒАРЫ 100 % 800 Вт
ОРТАША ЖОҒАРЫ 75 % 600 Вт
ОРТАША 56 % 450 Вт
ОРТАШАДАН ТӨМЕН 38 % 300 Вт
ЖІБІТУ 23 % 180 Вт
ТӨМЕН 13 % 100 Вт
Рецептілерде және осы кітапшада көрсетілген пісіру уақыттары, арнайы көрсетілген қуат мәндеріне
сай келеді.
Егер мына параметрді таңдасаңыз... Пісіру уақыты...
Жоғарырақ қуат деңгейі
Төменірек қуат деңгейі
Азайтылған
Көбейтілген
MS23K3515AS_DE68-04422H-01_RU+UK+KK+UZ.indb 12 9/6/2016 4:15:31 PM

Содержание

464

Микротолқынды пештің уақытын қалай орнату және қуат деңгейлерін таңдау туралы толық нұсқаулық. Уақытты 24-сағат немесе 12-сағат режимінде орнатыңыз.