Scarlett SC-HM40S09 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/16] 316664

Scarlett SC-HM40S09 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/16] 316664
IM019
www.scarlett.ru SC-HM40S09
8
KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда
таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін
және біздің компанияға сенім артқаныңыз
үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану
нұсқаулығында суреттелген техникалық
талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT
компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары
сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік
береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын
тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде
пайдаланған және іске пайдалану
нұсқаулығында келтірілген пайдалану
ережелерін ұстанған кезде, бұйымның
қызмет мерзімі бұйым тұтынушыға табыс
етілген күннен бастап 2 (екі) жылды
құрайды. Аталған шарттар орындалған
жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі
өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай
асуы мүмкін екеніне өндіруші
тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып
шығыңыз және оны анықтамалық материал
ретінде сақтаңыз.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның
техникалық сипаттамасының
жапсырмадағы, электр жүйесінде
көрсетілген параметрлеріне сәйкестігін
тексеріңіз.
Аспап тек тұрмыстық мақсаттарда ғана
пайдалануға арналған. Аспап өнеркәсіптік
және сауда-саттық мақсатында қолдануға,
сондай-ақ мына жерлерде пайдалануға
арналмаған:
дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да
өнеркәсіптік үй-жайлардағы
қызметкерлерге арналған асүй
аймақтарында;
фермерлердің үйлерінде;
қонақүйлерде, мотельдерде,
пансионаттарда және соларға ұқсас
тұрғын жайларда клиенттердің
пайдалануына арналмаған.
Жұмыс уақытына қолмен немесе басқа
нәрселермен айнағанл саптамаларға
тимеңіз!
Миксерді қатты өнімдерді өңдеуге
қолданбаңыз, мысалы, тоңазытылған сары
майды. Жабысқақ өнімдерді өңдесе
қозғалтқыш күйіп кетуі мүмкін.
Миксерді ағыс сумен жумаңыз және оны
суға немесе басқа сұйықтықтарға
малымаңыз. Егер бұл болса жағдайда,
миксерді дереу электр жүйесінен сөндіріп
тастаңыз, оны толық кептіріңіз және жақын
арадағы сервис орталығында тексертіңіз.
Электр жүйесінен сөндіру алдында
жылдамдықтардың ауыстырып-қосқышы "0"
күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қосқышыты қолмен алыңыз, қоректену
бауынан тартпаңыз.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден
аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші,
сервистік қызмет немесе соған ұқсас білікті
қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Қоректену бауының өткір жиектер және
ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі
бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз
пайдалану үшін тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде
балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін
адам қадағаламаса немесе аспапты
пайдалану бойынша нұсқау бермесе,
олардың бұл аспапты қолдануына
болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды
үнемі қадағалап отыру керек.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге
талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса
жақын арадағы сервис орталығына
апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен
температурада тұрса, іске қосар алдында
оны кем дегенде 2 сағат бөлме
температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс
өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне
түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша
ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе
қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда
көрсетілген.
ЖҰМЫС
Сәл бұрай, ауысымды саптамаларды бекіту
ұясына салыңыз.
Саптамаларды араластырылған өнімдерге
батырыңыз.
Миксерді электр жүйесіне қосыңыз.
Қажетті жылдамдықты таңдаңыз.
Қоспа қажет консистенцияға жеткеннен
кейін жылдамдықтарды айырып-қосқышты
"0" күйіне аударыңыз. Саптамаларды
олардың тек қана толық тоқтап және миксер
электр жүйесінен сөндірілгеннен соң
шығарыңыз.
Саптамаларды шығарып тастау ноқатын
басыңыз да оларды суырып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жылдамдық тәртібін өнімдерге
тиісті таңдаңыз. Әрқашан жұмысты төмен
жылдамдықтан бастап, бірте-бірте
жоғарысына өтіңіз. Егер өңдеу барысында
қоспа қоюланса, миксерді жоғарырақ
жылдамдыққа ауыстырып қуаттылықты
үлкейтіңіз.
НАЗАР: Қамыр илейтін қондырмаларды
орнатқан кезде екі дөңесі бар қондырманың
оң жақтағы ойыққа, ал бір дөңесті
Скачать