Zanussi ZGO 62414 BA [14/68] Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Zanussi ZGO 62414 BA [14/68] Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ 14
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 17
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
Жұмыс жүйесі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер _ _ 21
Күту менен тазалау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 22
Не істерсіңіз, егер... _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ _ _ _ _ 25
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Назарыңызда болсын! Осы
нұсқаулық тек осы кітапшаның
мұқабасында рəміздері берілген елдер
үшін ғана қолданылады.
Осы нұсқаулықты өз қауіпсіздігіңіз бен
құрылғыны дұрыс пайдалану үшін,
оны орнатып іске қоспас бұрын мұқият
оқып шығыңыз. Нұсқаулықты əрқашан тіпті
құрылғыны көшірсеңіз не сатсаңыз да
онымен бірге қалдырыңыз.
Пайдаланушылар құрылғының қауіпсіздік
функциясы мен оны іске қосу жолдарын
толық білуге тиіс.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы
нұсқаулар
Назарыңызда болсын!
Физиологиялық, сезімдік не қабілет
деңгейі төмен немесе пеш жұмысына
қатысты тəжірибесі мен білімі аз адамдар
(балаларды қоса алғанда) құрылғыны
пайдаланбауға тиіс. Олар құрылғыны
міндетті түрде өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның нұсқауы не қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек ересек адамдар ғана
қолдана алады. Балалар құрылғымен
ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап
отыру керек.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
қалу жəне жарақат алу қаупі бар.
Құрылғыны қолдану барысында жəне
қолданып болғаннан кейін суығанша
балаларды алыс ұстаңыз.
Пайдалану
Ең алғаш қолданар алдында барлық
орам материалдары мен
жапсырмаларын, пеш үстінің тот
баспайтын панелінің қорғағыш қабатын
(бар болса) алыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл
кепілдікті заңды күшінен айырады.
Пісіру алаңдарын қолданып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
Пайдалану кезінде жəне одан кейін
оттықтары мен қол жететін бөліктері
ысып кетеді. Пісіру алаңына ас
құралдарын немесе кəстрөлдердің
қақпақтарын
қоймаңыз. Ыдыс
ішіндегісімен қоса аударылып кетуі
мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
Қатты қызған тоңмай мен сұйық май тез
тұтануы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны нзардан
тыс қалдырмаңыз.
Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
Пештің үстіндегі саңылауларға сұйық зат
төгіп алмаңыз
Пештің үстін ыдыссыз іске қоспаңыз.
Бұл тек
үйде қолдануға арналған
құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Бұл
тек тағам пісіру үшін қолдануға
арналған құрылғы. Құрылғыны басқа
мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру
үшін қолдануға болмайды.
14
www.zanussi.com

Содержание

Скачать