Zanussi ZGO 62414 BA [22/68] Күту менен тазалау

Zanussi ZGO 62414 BA [22/68] Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Тағам пісіру
барысында пештің үстін таза ұстау
үшін оған алюминий жұқалтырды
төсемеңіз.
Назарыңызда болсын! Кəстрөлдер
басқару аймағына кіріп тұрмауға тиіс.
Жалын басқару алаңын қыздырып
жібереді.
Бір табаны екі оттыққа қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Газ тұтынуды
азайту үшін жəне ыдыстарды орнықты
орналастыру үшін кəстрөлдердің пештің
шетінен шығып тұрмауын жəне оттық
шеңберінің тура ортасына қойылуын
қадағалаңыз.
Орнықсыз жəне түбі деформацияланған
кəстрөлдерді ішіндегісі төгіліп адам
жарақат алмас үшін пісіру алаңдарына
қоймаңыз.
Назарыңызда болсын! Жалын
диффузерін қолдану ұсынылмайды.
Назарыңызда болсын! Тағам пісіру
барысында шашыраған сұйық,
шыныны сындырып жіберуі мүмкін
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мəліметтерге сəйкес, тағамды (əсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде,
акриламидтер денсаулыққа қатер төндіруі
мүмкін.Сондықтан, біз тағамды ең төмен
температурада пісіруді жəне тым қатты
қуырмауды ұсынамыз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалардан бұрын оны сөндіріңіз де,
суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары қысыммен
тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай əсер етпейді.
Пешті тазалауды жеңілдету үшін
таба
қоятын тағандарды алып қоя тұруға
болады.
Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы
мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын
сумен жуыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Таба тағандары ыдыс жуғыш
машинағажарамайды; оларды қолмен
жуу керек.
Таба тағандарын қолмен жуған кезде,
оларды құрғатып сүрткенде абай
болыңыз, себебі эмальмен қапталған
жиектері өткір болуы мүмкін. Қажет
болса, қатып қалған дақтарды
тазартқыш пастамен кетіріңіз.
Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
22
www.zanussi.com

Содержание

Скачать