Zelmer ZMM2008X (MM2000.80) [15/20] Қауіп қатер назар аударыңыз

Zelmer ZMM2088X (MM2000.88) [15/20] Қауіп қатер назар аударыңыз
21
MM2000-002_v03
Құрметті Клиенттер!
Сіздердің біздің құрылғыны таңдағандарыңызбен және
Zemler тауарлары пайдаланушыларының қатарына
қосылдандарыңызбен құттықтаймыз.
Үздік нәтижелерге жету үшін біз Zemler компаниясының
бірегей аскессуарларын пайдалануға кеңес береміз. Олар
осы өнімге арнайы жасалған. Қолданушы нұсқаулығымен
мұқият танысып шығуды сұраймыз. Техникалық қауіпсіздік
ережелеріне ерекше назар аудару керек.
Құрылғыны ары қарай пайдалану барысында қолдану
үшін нұсқаулықты сақтауды сұраймыз.
Құрылғының сипаттамасы
Ұсақтап тураңыз, ұнтақтаңыз, сығымдаңыз, үгітіңіз
Zelmer – бір таңдау, есесіне қаншама мүмкіндік.
Бір ғана құрал балаларға арналған дәмді тағамдар
мен үйде консерві әзірлеу үшін етті турап, көкөністерді
ұсақтап турап, ұнтақтап, жаңғақтарды үгіп, жеміс-жидекті
үгітіп, дәндерді, тұқымдарды, жаңғақтарды немес кофе
дәндерін үгіте алса қалай? Zelmer еттартқышының
арқасында осының бәрін оңай істей аласыз.
Еттартқыштар ішіндегі сөзсіз көшбасшы атанған Zelmer
ММ2000 толық өнімдер қатарын ұсынады. Бұл кез кел-
ген, тіпті ең қиын деген мәселені шешеді. Қозғалтқышты
суытудың жоғары дамыған жүйесінің арқасында Zelmer
«өте жоғары қуаттылыққа» қиындықсыз жетеді, motor
blocked power көрсеткіші тіпті 1900 W құрайды. Тамаша
ойластырылған құрылғысының арқасында әдеттегі үгіту
камерасын өшіріп, тиісті модульді қосу арқылы оны
ұсақтап жемістерді турағышқа, шырынтартқышқа немесе
тас диірменге (құрылғы түріне байланысты, акссессуар
ретінде қолжетімді) айналдыруға болады. Үйіңіздегі
бір ғана құралмен сіз отбасыңыз бен қонақтарыңызды
көптеген таңдаулы тағамдармен таңқалдыра аласыз.
Zelmer еттартқышы көкөністердің өсу маусымындағы
жұмыстарды мүлтіксіз орындап шағады: шырын
сыққыштың арқасында сіз үй шырындарын, езбе немесе
сілікпе жасай аласыз. Тілкемдегіш мұздатқышта сақтауға
болатын сорпаға арналған көкөністерді дайындап бере
алады, олар күн суытып, бұлтты болған кезде жаздағы
дәмін сақтай отырып, сүйсіндіреді. Азық-түлікке арналған
еттартқыш үй шаруашылығында пайдалану үшін де
қызмет етеді.
Zelmer – сіздің ас үйдегі баға жетпес көмекшіңіз.
ҚАУІП-ҚАТЕР!/НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Ережелерді сақтамау
жарақат-тарға әкеп
соқтыруы мүмкін
Егер қуат көзі кабеліне зақым
келсе, оны қауіпсіздік үшін
өндіруші немесе арнайы қызмет
көрсету орталығындағы білікті
тұлға ауыстыруы керек.
Құралды қараусыз қалдырған
кезде, сонымен қатар оны
жинағыңыз, бөлшектегіңіз немесе
тазартқыңыз келгенде, құралды
міндетті түрде желіден сөндіру
керек.
Құрылғыны балалар қолданбау
керек. Құрылғы мен кабельді
балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Жабдықты физикалық, сенсорлық
және психикалық мүмкіндіктері
шектеулі тұлғалар, сондай-ақ
жабдықпен жұмыс істеу тәжірибесі
жоқ тұлғалар пайдалана алады,
тек олар алдын ала жабдықты пай-
далану барысындағы қауіптермен
және жұмыс ережелерімен
таныстырылған болуы керек,
сонымен қатар үнемі бақылауда
болуы шарт.
Балалардың жабдықпен ойнама-
уын бақылау қажет.
Еттартқышты дұрыс пайдалану және
техникалық қауіпсіздік нұсқаулығы
Құралды пайдаланбас бұрын келесі нұсқаулықтың
мазмұнымен танысыңыз.
Төменде көрсетілген нұсқауларды түсінгеніңізге
көз жеткізу керек.
KZ

Содержание

Скачать