Tefal CY621D32 [56/92] Бірінші пайдалану алдында

Tefal CY621D32 [56/92] Бірінші пайдалану алдында
56
БІРІНШІ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Орауышты алу және қақпақты ашу
Құрылғыны орауышынан алып, тегіс бетке қойыңыз. Кепілдік
карточкасын қауіпсіз жерде сақтаңыз және құрылғыны бірінші
рет пайдалану алдында пайдалану туралы нұсқауларды оқып
шығыңыз.
Қақпақты ашу үшін қақпақ тұтқасын ұстаңыз, сағат тіліне қарсы
бұрыңыз және қақпақты тартыңыз - 1 - 2.
Құрылғы ішінен бүкіл орауыш материалдарды алыңыз: пластик
пакеттер, қосалқы құралдар (бу кәрзеңкесі, күріш қасығы, өлшеу
шыныаяғы, конденсат жинағыш), әзірлеу кәстрөлі және аша. - 3
Өнімде жарнамалық жапсырма бар олса, құрылғыны бірінші рет
пайдалану алдында оны алыңыз.
Тазалау
Тазалау алдында құрылғыдан қақпақты алыңыз. Ортаңғы
қақпақ бұрандасын бұрап алыңыз және екі бөлікті ажырату үшін
кішкентай шығыңқы жерді итеріңіз - 4.
Әзірлеу кәстрөлін, қақпақты оның ішінде клапандарды) таза
сумен шайыңыз және құрылғыны дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Ыдыс жуу машинасында қосалқы құралдарды ғана тазалауға
болады -5 - 6. Құрылғыны пайдалану алдында барлығы кепкенін
тексеріңіз.
1. 17 перне әрекеті «Кешіктірілген бастау», « - », «Температура/
Таймер», «Қызарту/Пісіру», « Бу/Қайнату », « Бадана »,
« Қамыр/Йогурт », « Жылы ұстау/Бас тарту », « Аспаз »,
« Бастау/Тоқтату », « Жылыту », « Тосап/Ірімшік », « Бұқтыру/
Сорпа », « Күріш/Дақылдар », « Ботқа », « Палау », « + ». Сіз
пернені басқанда бип деген дыбыстық ескерту болады.
2. Әзірлеудің 36 түрі ұсынылады, соның ішінде 4 аспаз
бағдарламасы, қосымша ақпаратты 1-кестеде қараңыз.
3. «Пісіру», «Бу», «Бұқтыру», «Сорпа», «Қызарту», «Қайнату»,
«Вакууммен» үшін тамақ түрін таңдауға болады: «Көкөніс,
Тауық, Ет».

Содержание

Похожие устройства