Buderus SU 300/5 [48/116] Қолданыстан шығару

Buderus SU 300/5 [48/116] Қолданыстан шығару
7 Қолданыстан шығару
SU300/5 | SU400/5 – 6 720 800 019 (2015/04)
48
6.2 Тапсырыс беруші мамандарына нұсқау
Жылыту құрылғысының және суқыздырғыштың жұмыс істеу
принципін және оларды пайдалану жолдарын түсіндіріп,
қауіпсіздік техникасының маңызды ережелеріне назар
аударыңыз.
Сақтандыру клапанының жұмыс істеу және оны тексеру
принципін түсіндіріңіз.
Тапсырыс берушіге бірге берілетін барлық құжаттарды беріңіз.
Тапсырыс берушіге ұсыныстар: маманданған мекемемен
бақылау және техникалық қызмет көрсету бойынша келісім
жасасыңыз. Көрсетілген мерзімдер бойынша суқыздырғышқа
техникалық қызмет көрсетіп отырыңыз ( 7-кесте, 7-бет) және
оны жыл сайын тексеріп тұрыңыз.
Келесі мәселелерге тапсырыс берушінің назарын аударыңыз:
Қыздырған кезде су сақтандыру клапанынан шығуы мүмкін.
Сақтандыру клапанының құйылыс құбыры барлық кезде
ашық тұруы керек.
Техникалық қызмет көрсету мерзімдерін сақтаңыз
( 7 кесте, 7-бет).
Мұз қату қаупі пайда болған кездерге және тапсырыс
беруші қысқа мерзімге болмайтын кездерге қатысты
ұсыныстар: суқыздырғышты өшірмеңіз және минималды су
температурасын орнатыңыз.
олданыстан шығару
Электр қыздырғыш (керек-жарақтар) орнатылған жағдайда
суқыздырғышты токтан ажыратыңыз ( 16-сурет, 109-бет).
Реттеу құрылғысындағы температура реттегішті өшіріңіз.
Суқыздырғышты босатыңыз ( 16 және 17-суреттер, 109-бет).
Барлық түйіндер мен қосалқы бөлшектерді өндірушінің
техникалық құжаттарда көрсеткен нұсқауларға сай қолданыстан
шығарыңыз.
Ілмекті клапандарды жабыңыз ( 18-сурет, 110-бет).
Жылу алмастырғыштағы қысымды түсіріңіз.
Жылу алмастырғышты босатып, желдетіңіз
( 19 сурет, 110 бет).
Коррозия пайда болмауы үшін ішкі кеңістікті жақсылап кептіріп,
тексеру саңылауының қақпағын ашық қалдырыңыз.
8 Қоршаған ортаны қорғау/кәдеге жарату
Қоршаған ортаны қорғау - Bosch тобының негізгі қағидасы.
Өнімнің сапасы, үнемділігі және қоршаған ортаны қорғау біз үшін
жоғары басымдыққа бірдей ие мақсаттар болып табылады. Біз
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық заңдарды және
ережелерді сақтаймыз.
Қаптама
Қаптамаға қатысты айтарымыз, біз оңтайлы қайта өңдеу шарттарын
ұсынатын жергілікті қаптама жасау мекемелерімен бірге қызмет
етеміз. Қолданылатын барлық қаптамалар қоршаған ортаға қауіпсіз
және қайта өңдеуге жарамды.
Қызмет көрсету мерзімі аяқталған жабдықтар
Қызмет көрсету мерзімі аяқталған жабдықтың қайта өңдеуге
жіберуге болатын материалдары болады.
Түйіндерді ажырату оңай, ал синтетикалық материалдар
таңбаланған. Бұл әр түрлі түйіндерді сұрыптап, оларды қайта
өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жіберуге мүмкіндік береді.
9 Техникалық қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсетуді бастаудан бұрын суқыздырғышты
суытыңыз.
Тазалықты және техникалық қызмет көрсетуді көрсетілген уақыт
мерзімдерінде орындаңыз.
Ақауларды дереу түзетіп жүріңіз.
Тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз!
9.1 Техникалық қызмет көрсету мерзімдері
Техникалық қызмет көрсету судың шығынына, жұмыс
температурасына және қаттылығына байланысты жасалады
( 7 кесте, 7-бет).
Хлоры бар ауыз суды немесе қаттылықты азайту құрылғыларын
пайдаланған кезде қызмет көрсету мерзімдерінің арасы қысқарады.
Жергілікті судың сапасын жергілікті сумен қамтамасыз ету
мекемесінен білуге болады.
Судың құрамына байланысты аталған бағдарлы мәндерден
ауытқулар орын алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Жылы суды іріктеу орнында күйіп қалу
қаупі бар!
Қыздырып залалсыздандыру немесе суды 60 °C-тан
артық қыздырған кезде ыстық су іріктелетін
орындарда күйіп қалу қаупі пайда болады.
Тапсырыс берушіге тек араласқан суды жіберуін
нұсқаңыз.
ЕСКЕРТУ: Ыстық судан күйіп қалу қаупі бар!
Суқыздырғыш суығанша күтіңіз.
Су қаттылығы °dH бірлігімен 3 – 8,4 8,5 – 14 >14
Кальций карбонатының
концентрациясы mol/ m³
бірлігімен
0,6 – 1,5 1,6 – 2,5 >2,5
Температура Айлар
Әдеттегі шығын жұмсалғанда (< ресивер көлемі/24 сағ)
<6C 24 21 15
60 – 70 °C 21 18 12
>7C 15 12 6
Арттырылған шығын жұмсалғанда (> ресивер көлемі/24 сағ)
<6C 21 18 12
60 – 70 °C 18 15 9
>7C 12 9 6
Кесте 7 Техникалық қызмет көрсету мерзімдері айлар бойынша

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения