Galaxy GL6240 [18/28] Біз сізге артқан сеніміңіз үшін алғысымызды айтамыз және сіздің сатып

Galaxy GL6240 [18/28] Біз сізге артқан сеніміңіз үшін алғысымызды айтамыз және сіздің сатып
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Біз Сізге артқан сеніміңіз үшін алғысымызды айтамыз және Сіздің сатып
алған техникаңызға көңіліңіз толатындығына сенімдіміз. GALAXY техни-
касы Сіздің үйіңізде жайлылық атмосферасы мен қолайлылықты орнату
үшін жасалған.
Құралды қолдану алдында біз Сізге аталған пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың барлық тармақтарымен мұқият танысып шығуды ұсынамыз.
Құралды сатып алу кезінде оның жұмысқа қабілеттілігіне, механикалық
бүлінулердің жоқтығына көз жеткізу, сонымен қатар, сатушы ұйым
мөртабанының бар екендігін, сатылған күнін және сатушының қолтаңбасын,
құралдың корпусындағы сериялық нөмірге дәл сәйкес келетін үлгінің нөмірі
мен сериялық нөмірін және жиынтығын тексеру қажет.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек келесі
шарттарды сақтаған кезде ғана кепілдік беріледі:
1. Құрылғы бөлмелерді тазалауға арналған.
2. Құралдың корпусын суға және басқа да сұйықтықтарға батыруға тыйым
салынады.
3. Адаптерді желіге қосудың алдында желі параметрлерінің 100-240 В ~
50/60 Гц мәніне сәйкес екендіктеріне көз жеткізіп алу керек.
4. Құралды егер ол қолданылмаса әрдайым желіден ажыратып отыру керек.
5. Сонымен қатар құралды кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда
және жұмыс аяқталғаннан кейін желіден ажырату керек.
6. Құралды аталған нұсқаулықта көрсетілгендерден басқа кез келген
мақсаттар үшін қолданбаукерек. Жұмыс, сақтау және құралды күту аталған
пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек.
7. Адаптердің желілік сымының бүтіндігін қадағалау қажет. Құралды
бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
8. Электр құралын егер жану немесе жарылу қаупі бар болған жағдайда
қолданбаңыз, мәселен, тез жанғыш сұйықтықтар мен газдың жанында.
9. Шаңсорғышты бөлмелерден тыс қолданбаңыз.
10. Шаңсорғыштың көмегімен суды немесе басқа да сұйықтықтарды, жа-
нып немесе түтіндеп жатқан темекіні, жалынсыз күлді, сонымен қатар,
сылақтан, бетоннан немесе күлден болған жұқадисперстік шаңды жинауға
тыйым салынады.
11. Жеткізілім жиынтығына кіретін керек-жарақтарды және саптамаларды
ғана қолданыңыз.
12. Шаңсорғышты тазалауды тұрақты жүргізіп отырыңыз.
13. Аккумуляторды (АКБ) зарядтау үшін тек шаңсорғыштың аталған
үлгісінің жиынтығына кіретін зарядтау құрылғысын (адаптерді) және за-
рядтау базасын қолданыңыз. Аталған адаптерді басқ а мақсаттар үшін
қолданбаңыз.
14. Аккумуляторды зарядтаумен қамтамасыз ету үшін алдымен адаптердің
істікшесін зарядтау базасының тиісті жалғағышына қойыңыз және базаны
жиналушы бөлменің қабырғасындағы розеткінің жанына орналастырыңыз,

Содержание

Похожие устройства