Galaxy GL6240 [20/28] Бірінші рет қолданудың алдында

Galaxy GL6240 [20/28] Бірінші рет қолданудың алдында
KAZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешбір жағдайда электр құралын алкогольдік не-
месе есірткілік масайған күйде немесе шындықты объективті қабылдауға
кедергі жасайтын басқа да шарттарда қолданбау керек, және құралды
осындай жағдайлардағы және шарттардағы адамдарға сеніп тапсырмау ке-
рек болады! Қолданушы электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік
техникасы шара-ларын өздігінен сақтауға тиісті болады!
БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Құрал тұрмыстық қолдануға арналған. Шаңсорғыш беттері қатты тегіс
тұрмыстық бөлмелердің едендерін шаңды және
шағын қоқысты сору және одан кейінгі ылғалды тазалау жолымен құрғақ
тазалауға арналған. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз. Құралды қаптамадан шығарыңыз, барлық қаптаушы мате-
риалдарды (бар болған жағдайда) алып тастаңыз. Жиынтықтылықты
тексеріңіз және механикалық бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіңіз.
Корпусты алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ матамен сүртіңіз.
Бүйірлік шөткелерді орнатыңыз. Ол үшін шаңсорғышты төменгі панелімен
жоғары, бүйірлік шөткелерді (2 дана) алты қырлы саңылауымен төмен
орналастырыңыз. Бүйірлік шөткелерді бекітуші бұрандаларды айқара
тәрізді оймакілтекпен бұрағышты (жиынтыққа кірмейді) қолданумен
шөткелердің біліктерінен бұрап босатыңыз. Әрбір шөткені өз өзегіне
кигізіңіз (L литерімен шөткені сол жақ өзекке, R литерімен оң жақ өзекке)
және бұрандаларды бұрап бекітіңіз. Бірінші рет қолданудың алдында ак-
кумуляторды 4-6 сағаттай зарядтап алу қажет.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
1. Құралдың артқы бөлігіне сүзгілермен жиындағы шаң және қоқыс жинауға
арналған контейнерді немесе ылғалды тазалауға арналған контейнерді
орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ылғалды тазалаудың алдында еденді шаңнан та-
залауды орындау керек.
ЕСКЕРТУ: Суға арналған контейнерді қолдану кезінде контейнерге саңылау
арқылы қажетті деңгейде дейін су құйыңыз және клапанды жабыңыз.
Ылғалды тазалауға арналған шүберекті құралдың астына орналастырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Құралды шаңға арналған контейнерсіз немесе
ылғалды тазалауға арналған контейнерсіз пайдалануға үзілді-кесілді тый-
ым салынады!
2. Шаңсорғышты еденге іске қосу/сөндіру батырмасымен « » жоғары
орнатыңыз.
3. Құралдың корпусындағы ажыратқыштың (адаптерді қосуға арналған
ұяның жанында орналасқан) көмегімен (20 айқ.), оны «І» күйіне ауысты-
румен құралды іске қосыңыз.

Содержание

Похожие устройства