Galaxy GL6240 [19/28] Құралды зарядтау базасын және адаптерді қараусыз қалдырмаңыз

Galaxy GL6240 [19/28] Құралды зарядтау базасын және адаптерді қараусыз қалдырмаңыз
KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
сосын – адаптердің ашасын розеткіге қосыңыз. Адаптерді аккумуляторды
зарядтаудан кейін желіге қосылған күйде қалдырмаңыз. Зарядтау базасын
егер құрал қолданылмаса еденде қалдырмаңыз.
15. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Зарядтау базасының түйіспелерін өз араларын-
да металл заттармен тұйықтауға тыйым салынады!
16. Зарядтау базасын қолдану кезінде АКБ зарядтау қажеттілігі құралмен
автоматты анықалады. Егер зарядтау базасы қолданылмаса, аккумулятор-
ды зарядтауды оның толық разрядына дейін жүргізбеңіз.
17. Аккумуляторды зарядтау базасын қолданусыз зарядтау үшін алдымен
адаптерді шаңсорғыштың тиісті ұясына, сосын адаптердің ашасын розеткіге
қойыңыз. Адаптерді аккумуляторды зарядтаудан кейін желіге қосылған
күйде қалдырмаңыз.
18. Стандартты емес қуат көздерін қолданбаңыз.
19. Аталған құрал қатты едендік жабындарға және түктері төмен кілемдерге
қолдануға жарайды. Құрал тегіс емес еденде және түктері биік кілемдерде,
сонымен бірге еденде жатқан сымдар түріндегі кедергілер болған кезде
қолданыла алмайды.
20. Түктері төмен кілемдерді тазалау кезінде олардың сынуларын болдыр-
мау үшін бүйірлік шөткелерді шешу керек.
21. Құрал тек жиынтықта жеткізілетін түпнұсқалық АКБ және зарядтау
құрылғысымен жұмыс істеуге есептелген. Қуат беру және зарядтау үшін
бөгде заттарды қолдану құралдың бүлінуін шақыруы мүмкін.
22. Құралды қолданудың алдында еденнен барлық нәзік және соғушы
заттарды, сонымен қатар сымды алып тастаңыз.
23. Құралға отырмаңыз және оған заттар мен жануарларды қоймаңыз.
24. Әрбір қолданудан кейін құралды және қоқыс пен шаңға арналған
контейнерді тазалаңыз.
25. Құралды, зарядтау базасын және адаптерді қараусыз қалдырмаңыз.
Құралды, зарядтау базасын және адаптерді балаларға қолжетімді емес
жерлерде сақтаңыз.
26. Адаптерді оның қуат беру баусымынан ұстап жылжытуға болмайды.
27. Шаңсорғышпен жұмыс істеу кезінде тазаланушы бөлменің еденіне
жұмыс істеп тұрған қыздырғыш құралдарды және басқа да жылу көздерін
орналастырмаңыз.
28. Шаңсорғышты контейнерсіз, сонымен қатар контейнерде қарастырылған
сүзгісіз және НЕРА сүзгісіз қолдануға тыйым салынады.
29. Шаңсорғыштың ауа шығаратын саңылауын жаппаңыз.
30. Жұмыс істеп тұрған шаңсорғышты корпустың жиектеріне және бүйірлік
бөліктеріне орнатуға тыйым салынады. Шаңсорғыш жұмыс кезінде әрдайым
іске қосу/сөндіру батырмасымен « » жоғары, көлденең күйде болуы
керек .
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулық барлық
мүмкін болатын оқыс жағдайларды қарастыра алмайды. Қолданушыға
электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы шараларын
өздігінен сақтауы керек болады!

Содержание

Похожие устройства