Galaxy GL6240 [21/28] Батырмасын немесе қашықтықтан басқару тетігіндегі батырманы

Galaxy GL6240 [21/28] Батырмасын немесе қашықтықтан басқару тетігіндегі батырманы
KAZ
21
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4. Құралды белсендіру үшін құралдың корпусындағы «CLEAN ( )» батыр-
масын немесе қашықтықтан басқару тетігіндегі батырманы ұстаусыз бір
рет басыңыз. Бір реттік сәлемдесу сигналы дыбысталады және құрал күту
режиміне ауысады. Бұл ретте құралдың корпусындағы « » батырмасының
индикаторы жасыл түспен жылтылдайтын болады.
5. Құрал бөлмені тазалауға кірісу үшін құралдың корпусындағы «CLEAN
( )» батырмасын немесе қашықтықтан басқару тетігіндегі батырманы
басыңыз, шаңсорғыш бөлмені тазалауды бастайды. Батырмаларды қайта
басу құралды тоқтатуға мүмкіндік береді.
6. Басқару тетігіндегі батырмаларды қолданумен Сіз уақыт таймерінде
тазалаудың басталу уақытын орната аласыз. Бұл ретте ағымдық уақыт
та орнатылған болуы керек. Орнатылған таймер кезінде шаңсорғыш ав-
томатты түрде іске қосылады және берілген уақытта әрбір күн тазалау-
ды бастайтын болады. Құралдың корпусындағы “I/O” ажыратқышы іске
қосылған болуы, зарядтау базасы еденге орнатылған және қуат беру
желісіне қосылған болуы керек.
7. Құралды күту режимінен ұйықтаушы режимге ауыстыру үшін құралдың
корпусындағы « » батырманы басыңыз және 3 секундтай ұстап тұрыңыз.
Бұл ретте корпустағы « » индикаторы сөнеді. Одан басқа, егер батыр-
маны 15 секунд бойы баспаса, құрал күту режимінен ұйықтаушы режимге
автоматы ауысады. Құралды ұйықтаушы режимнен «» батырмасын басумен
шығаруға болады.
8. Басқару тетігіндегі “PLAN” батырмасының көмегімен сіз құрал жұмысының
басталу уақытын орнату режиміне кіре аласыз. Орнату қозғалыстарды
бағыттау және сағатта уақытты өзгерту батырмаларымен жүзеге асыры
-
лады. Теңшеуді сақтау үшін оған қайта басыңыз. Теңшеулерді кетіру үшін
00:00 уақытын орнатыңыз.
“CLOCK” батырмасын басумен сіз ағымдық уақытты орнату режиміне кіре
аласыз, орнату тетіктің батырмаларымен жүзеге асырылады. Теңшеуді
сақтау үшін оған қайта басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Сағатқа немесе таймерге орнатылатын уақыт құрал жағынан
дыбыспен сүйемелденуі керек. Егер дыбыстық сигнал болмаса, сіздің
теңшеулеріңіз сақталмады деген сөз. Қуат беру элементтерін ауыстыру
кезінде теңшеулер тасталады. Батареяны ауыстырудан кейін уақытты қайта
теңшеуді ұмытпаңыз.
9. Басқару тетігі батырмаларының атқарымдары:
-“CLEAN”
Аталған батырма шаңсорғышты іске қосуға, шаңсорғышты жұмыс істеп
тұрған кезде тоқтатуға, шаңсорғышты күту режимінен жұмыс режиміне
ауыстыруға арналған.
Бағыт батырмалары:
«А» атқарымдары құралдың жұмыс уақытын немесе ағымдық уақытты
теңшеулер кезінде қолжетімді болады.
«Б» атқарымы құралдың тазалау режиміндегі жұмысы кезінде қолжетімді
болады.

Содержание

Похожие устройства