Philips FC8715/01 [63/70] Қазақша

Philips FC8715/01 [63/70] Қазақша
-
Қайта зарядталатын батареяны тек білікті қызмет инженерлері ауыстыруы мүмкін. Енді қайта
зарядтау мүмкін болмағанда немесе қуаты жылдам таусыла бастағанда батареясын ауыстыру үшін
роботты өкілетті Philips қызмет орталығына апарыңыз.
-
Құралды тексеру немесе жөндету үшін өкілетті Philips қызмет орталығына апарыңыз. Құралды
біліксіз тұлғаларға жөндету, қолданушыға өте қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.
-
Роботты теспеңіз, бөлшектемеңіз немесе оны температурасы 60°C-тан жоғары жерлерге
қоймаңыз. Қызып кетсе, зарядталатын батарея жарылуы мүмкін.
Абайлаңыз
-
Робот төменгі жағында үш құлаудан қорғау датчигімен жабдықталған. Бұл құлаудан қорғау
датчиктері биіктік айырмашылықтарын анықтау және болдырмау үшін пайдаланылады. Кейбір
жағдайларда құлау датчиктері баспалдақтарды немесе басқа биіктік айырмашылығын уақытылы
анықтамауы мүмкін. Үйдегі жағдайлар (мысалы, бөлмедегі жарық, еденнің түсі немесе түрі)
құлаудан қорғау датчигінің жауап беру деңгейіне немесе жылдамдығына әсер етуі мүмкін.
Сондықтан, роботты, әсіресе оны пайдаланған алғашқы уақыттарда және оны баспалдаққа немесе
басқа биіктік айырмашылығына жақын пайдаланғанда мұқият бақылаңыз.
-
Құлаудан қорғау датчиктерінің үстіне ешбір таспа немесе жапсырмалар жапсырмаңыз және
құлаудан қорғау датчиктерін жүйелі түрде тазалап отырыңыз. Егер құлаудан қорғау датчиктері
жабылған немесе лас болса, робот баспалдақты немесе басқа биіктік айырмашылығын анықтай
алмайды.
-
Роботты құмды, қақты, цемент шаңын және ұқсас заттарды сору үшін пайдаланғанда сүзгінің
тесіктері бітеледі.
-
Құралды тазалау үшін абразивті қабаты бар ысқыштарды, абразивті тазалау құралдарын немесе
бензин не ацетон сияқты ерітінділерді пайдалануға болмайды.
-
Электр тығынын ылғалды қолдармен түртпеңіз.
-
Құралды зарядтау үшін, тек қосымша берілген адаптерді ғана қолданыңыз.
-
Егер роботты шамалы уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, қуат қосқышын өшіріп, бекіту станциясын
немесе адаптерді ажыратыңыз.
-
Роботты түгі ұзын немесе шашақтары бар кілемдерде пайдаланбаңыз.
-
Шаң контейнерін және суды сумен немесе ыдыс жуу машинасында тазаламаңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
-
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Өңдеу
-
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға болмайтынын білдіреді
(2012/19/EU) (сурет 1).
-
Бұл таңба осы өнімде қалыпты тұрмыстық қалдық (сурет 2) (2006/66/EC) ретінде тасталынбайтын
кірістірілген қайта зарядталатын батарея бар. Қайта зарядталатын батареяны кәсіби түрде алып
тастау үшін өнімді ресим жинау нүктесіне немесе Philips қызмет көрсету орталығына апаруды
ұсынамыз.
-
Электрондық және электр өнімдері мен қайта зарядталатын батареяларды бөлек жинау бойынша
жергілікті ережелерді орындаңыз. Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері
әсерін тигізбеуге көмектеседі.
65
Қазақша

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Как заменить боковые щетки?
2 года назад