Zanussi ZOB10401XK Инструкция по эксплуатации онлайн [11/32] 45692

Zanussi ZOB10401XK Инструкция по эксплуатации онлайн [11/32] 45692
Тұмшапешті пайдаланып болған сайын
ішкі жағын тазалаңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, əрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын
пайдаланып болған сайын тазалаңыз
жəне кептіріңіз. Шүберекті, жылы су мен
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Себебі
ластық жабыспайтын қаптаманы
бүлдіруі мүмкін.
Болаттан немесе алюминийден
жасалған құрылғылар:
Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен ғана
тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Жүн мақтаны, қышқылды немесе жеміргіш
материалдарды пайдаланбаңыз, себебі
тұмшапештің бетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де осындай
сақтық шараларды орындап тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жалпылама
нұсқауларды қараңыз.
Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын! Тұмшапештің
шамын ауыстырған кезде абай
болыңыз. Электр қатері бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына жəне шыны
қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек төсеңіз.
1. Шамның қақпағын алу үшін сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш
шамын салыңыз.
Шамның дəл осындай түрін
пайдаланыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапеш есігінің екі шыны панелі бар.
Тұмшапештің есігін жəне ішкі шыны
панелін алып тазалауға болады.
Тұмшапештің есігін орнынан алмай
тұрып, ішкі шыны панелін алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі жабылып қалуы
мүмкін.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
1
Есікті толық
ашып, есіктің екі
топсасын ұстап
тұрыңыз.
2
Екі топсадағы
тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
11
www.zanussi.com

Содержание

Скачать