Zanussi ZOB10401XA [3/48] Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Zanussi ZOB10401XA [3/48] Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Балалар тазалау жəне күтім көрсету жұмыстарын басқаның
бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол
тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-
салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе
өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат
түсіп,
шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы
минимум
қашықтықты сақтаңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою керек.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе,
электршіге хабарласыңыз.
Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
Көп тармақты
адаптерлер мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз.
Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
3
www.zanussi.com

Содержание

Скачать