Samsung NV75N7646RS Dual Cook Flex [114/208] Бастапқы параметрлері

Samsung NV75N7646RS Dual Cook Flex [114/208] Бастапқы параметрлері
10 Қазақ
Істі бастау алдында
Орнату
Орнатып болғаннан кейін қорғағыш үлдірді, қорғағыш таспаны және басқа орам
материалдарын алып, пештің ішіндегі керек-жарақтарды алыңыз. Пешті асүй жиһазы
бөлігінен алу үшін әуелі пешті ток көзінен ағытып, пештің қос бүйіріндегі 2 бұранданы
ағытыңыз.
ЕСКЕРТУ
Пеш қалыпты түрде жұмыс істеу үшін оның жеткілікті желдетілуін қамтамасыз ету қажет.
Желдеткіш саңылауларын ешқашан бітемеңіз.
ЕСКЕРТПЕ
Пештің сыртқы түрі үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Істі бастау алдында
Бастапқы параметрлері
Пешті ең алғаш рет электр көзіне қосқан кезде сағат (“12”) жыпылықтап тұратын дисплейде
әдепкі уақыт “12:00” пайда болады. Ағымдағы уақытты орнату үшін төмендегі амалдарды
орындаңыз:
1. Сағатты орнату үшін / түймелерін, содан
кейін OK түймесін басыңыз. Минут элементі
жыпылықтайды.
2. Минутты орнату үшін / түймелерін,
содан кейін OK түймесін басыңыз.
Осы бастапқы параметрді орнатқаннан кейін
ағымдық уақытты өзгерту үшін түймешігін
3 секунд басып ұстап тұрып, жоғарыдағы
амалдарды орындаңыз.
NV7000N_NV75N7646RS_WT_DG68-01056G-00_KK.indd 10 2018-11-26  11:04:33

Содержание