LG DoorCooling+ GA-B459SQHZ [18/80] Жабдықты жалғау

LG DoorCooling+ GA-B459SQHZ [18/80] Жабдықты жалғау
18
Тұтқаны қайта жалғау
1 Бұрандаларды мұздатқыштың қарсы
бетіне қайта тартып байлау арқылы
тұтқаны қайта жалғаңыз.
2 Бұранда қақпағын жалғау арқылы
бұранданы жасырыңыз.
Құрылғының деңгейін
туралау
Құрылғы дірілдемеуі үшін оны тегіс қою
керек.
Егер еден тегіс болмаса, реттеуіш
бұрамаларды реттеңіз.
Есік оңай жабылуы үшін алдыңғы жақ артқы
жақтан сəл биіктеу болуы керек.
Реттеуіш бұрамаларды корпусты сəл ғана
еңкейту арқылы оңай бұрауға болады.
Құрылғыны көтеру үшін реттеуіш
бұрамаларды сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз
, төмендету үшін сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
Жабдықты жалғау
Құрылғыны орнатқаннан кейін, қуат ашасын
розеткаға жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Қуат көзінің сымын (немесе ашасын)
розеткаға қосқан соң, азық-түлікті жабдыққа
2 немесе 3 сағат өткеннен кейін қойыңыз.
Жабдық толық суымай тұрып, азық-түлікті
қойсаңыз, азық-түлік бұзылып кетуі мүмкін.
Жабдықтың орнын
ауыстыру
1
Жабдықтың ішіндегі барлық азық-түлікті
алып тастаңыз.
2
Қуат ашасын шығарып, оны құрылғының
артқы немесе жоғарғы жағындағы қуат
ашасының ілгегіне енгізіп, бекітіңіз.
3
Жабдықты тасымалдау кезінде түсіп
қалмауы үшін сөрелер мен есік тұтқасы
сияқты бөлшектерді таспамен бекітіңіз.
4 Жабдықты кем дегенде екі адам
абайлап жылжытуы тиіс. Жабдықты ұзақ
қашықтыққа тасымалдағанда, оны тік
күйде ұстаңыз.
5
Құрылғыны орнатқаннан кейін,
құрылғыны қосу үшін қуат ашасын
розеткаға жалғаңыз.
KK
Үлгілері: GA-B509B***/GA-B459B***

Содержание

Похожие устройства

Скачать