LG DoorCooling+ GA-B459SQHZ [30/80] Қызмет көрсету

LG DoorCooling+ GA-B459SQHZ [30/80] Қызмет көрсету
30
KK
Қызмет көрсету
Тазалау бойынша
ескертпелер
Құрылғының ішінен сөрені немесе
тартпаны алған кезде, жарақаттанудың
немесе құрылғыны зақымдаудың алдын
алу үшін, сөреден немесе тартпадан
барлық сақталған тағамдарды алыңыз.
Əйтпесе, сақталған тағамдардың
салмағына байланысты жарақат алуыңыз
мүмкін.
Құрылғының сыртқы ауа желдеткіштерін
шаңсорғышпен тазаласаңыз, электрондық
бөліктеріне зақым келтіретін немесе электр
тоғы соғу қаупін туғызатын статикалық
зарядтың алдын алу үшін қуат сымын
тоқтан ажырату керек.
Сөрелері мен тартпаларын шығарып алып,
оларды сумен тазалаңыз да, қайта салмас
бұрын мұқият кептіріп алыңыз.
Есік тығыздауыштарын жиі ылғал жұмсақ
сүлгімен сүртіп тұрыңыз.
Есік жəшіктеріндегі төгілген заттар мен
іздерді тазалап тұру керек, себебі олар
жəшіктің сақтау мүмкіндігін нашарлатады
жəне тіптен зақымдауы да мүмкін.
Тазалап болған соң, қуат сымы
зақымдалмағанын, қызып кетпегенін
немесе дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
Құрылғының сыртқы жағындағы ауа
желдеткіштерін салқын күйде ұстаңыз.
Ауа желдеткіштерінің бітелуі өрт туғызуы
немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Боялған сыртқы металл беттерін
балауыздау тот басудан қорғайды. Пластик
бөліктерін балауыздамаңыз. Боялған
металл беттеріне кемінде жылына екі рет
жабдық балауызын (немесе балауыз
пастасы) жағыңыз. Балауызды таза, жұмсақ
шүберекпен жағыңыз.
Жабдықтың сырт жағы үшін таза губка
немесе жұмсақ шүберек пен жылы судағы
жұмсақ химиялық тазартқыш құралды
пайдаланыңыз. Жыратын немесе өткір
тазартқыштарды пайдаланбаңыз. Жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатып сүртіңіз.
Сөрелерді немесе контейнерлерді ешқашан
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
Қызып кетуге байланысты бөліктерінің
пішімі бүлінуі мүмкін.
Жабдықта жарық диодты шам орнатылған
болса, оны жөндеу немесе қызмет көрсету
үшін шамның қақпағын жəне жарық диодты
шамды алмаңыз. LG Electronics
тұтынушыға ақпарат беру орталығына
хабарласыңыз.
Есіктегі жəшікті тазалау
Тоңазытқыш есігінің жəшігін алу
Жəшіктің екі ұшын бірге ұстап тұрып, оны
жоғары қарай тарту арқылы шығарып
алыңыз.
Тоңазытқыш есігінің жəшігін
қайта бекіту
1 Есік жəшігінің екі шетін ұстап тұрып,
құрастыру үшін бір шетін жайлап
басыңыз да, одан кейін бірдей мəнерде
басқа шетін құрастырыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать