LG DoorCooling+ GA-B459SQHZ [4/80] Орнату

LG DoorCooling+ GA-B459SQHZ [4/80] Орнату
4
Орнату
Бұл құрылғыны екі немесе одан көп адам абайлап көтеріп
тасымалдауы қажет.
Розетканың жерге дұрыс тұйықталғанын жəне қуат сымындағы
жерге тұйықтау ашасының зақымдалмағанын немесе қуат
ашасынан алынбағанын тексеріңіз. Жерге тұйықтау туралы
қосымша мəліметтерді LG Electronics тұтынушыларды қолдау
орталығынан сұраңыз.
Бұл құрылғы жабдықты жерге тұйықтау өткізгішіне ие қуат
сымымен жəне жерге тұйықтау ашасымен жабдықталған. Қуат
ашасы барлық жергілікті нормалар мен ережелерге сəйкес
жəне жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануы керек.
Қуат сымы зақымдалған немесе розетканың тесігі босап қалған
болса, қуат сымын пайдаланбаңыз жəне өкілетті қызмет
көрсету орталығымен байланысыңыз.
Жабдықты қуат кабелі жоқ (орнатылмаған) көп розеткалы
адаптерге жалғауға болмайды.
Қуат сымын өзгертпеңіз немесе ұзартпаңыз.
Жабдық жеке сақтандырғышы бар арнайы қуат желісіне
жалғануы тиіс.
Жерге тиісті
түрде тұйықталмаған (тасымалы) көп розеткалы
ұяны пайдаланбаңыз. Тиісті түрде жерге тұйықталған
(тасымалы) көп розеткалы ұяны пайдаланған жағдайда, кернеу
қуаты нормаларға сай келетін немесе одан жоғары болатын
розетканы қолданыңыз жəне оны тек жабдық үшін
пайдаланыңыз.
Құрылғы тоқтан оңай ажыратуға болатын орынға орнатыңыз.
Қуат сымының жоғары қаратылып тұруына жəне құрылғының
қуат ашасына қисайып тұруына жол бермеңіз.
Құрылғыны мықты жəне тегіс еденге орнатыңыз.
Құрылғыны ылғал жəне шаң жерге орнатпаңыз. Құрылғыны кез
келген сыртқы аймаққа, тікелей күн көзі, жел немесе жауын
сияқты ауа райы жағдайларына ұшырайтын немесе нөлден
төмен температуралы аймаққа орнатпаңыз немесе сақтауға
қоймаңыз.
KK

Содержание

Похожие устройства

Скачать