LG DoorCooling+ GA-B459SQHZ [27/80] Смарт функциялары

LG DoorCooling+ GA-B459SQHZ [27/80] Смарт функциялары
27
KK
LG SmartThinQ
қолданбасын пайдалану
немесе логотипі бар құрылғыларға
арналған
LG SmartThinQ құрылғысы смартфон арқылы
құрылғымен байланысуға мүмкіндік береді
LG SmartThinQ құрылғысын
пайдалануға дейін
1
Құрылғы мен сымсыз бағдарлауыш
арасындағы қашықтықты (Wi-Fi желісін)
тексеріңіз.
Жабдық пен сымсыз роутер арасы тым
алыс болса, сигнал беру деңгейі
əлсірейді. Тіркеуге көп уақыт кетуі
мүмкін немесе жабдық орнатылмауы
мүмкін.
2
Смартфоныңыздағы Мобильді
интернет немесе Ұялы деректер
функциясын өшіріңіз.
iPhone смартфондары үшін, Настройки
Сотовая связь Сотовые данные
тармағына өту арқылы деректерді
өшіріңіз.
3
Смартфоныңызды сымсыз роутерге
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Wi-Fi байланысын тексеру үшін, басқару
панеліндегі Wi-Fi белгішесі жанып
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы 2,4 Ггц Wi-Fi желілерімен ғана
жұмыс істейді. Желінің жиілігін анықтау
үшін интернет қызметінің провайдеріне
хабарласыңыз немесе сымсыз
бағдарлауыштың нұсқаулығын қараңыз.
LG SmartThinQ қолданбасы желілік
байланысқа немесе желілік байланысқа
қатысты қандай да бір ақаулыққа,
олқылықтарға немесе қателіктерге жауапты
емес.
Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда
қандай да бір қиындықтар туындаса, ол көп
жағдайда роутерге байланысты емес. Wi-Fi
сигналының қуатын жақсарту үшін, Wi-Fi
репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып
алыңыз.
Үйдегі желі ортасына байланысты Wi-Fi
байланысы қосылмауы мүмкін немесе
ажырап кетуі мүмкін.
Желілік байланыс интернет қызметінің
провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі
қызметін баяулатуы мүмкін.
Сымсыз сигналды тарату жүйесіндегі
ақаулыққа байланысты, жабдықты тіркеу
мүмкін емес. Жабдықты электр жүйесінен
ажыратып, əрекетті қайталамас бұрын бір
минуттай күтіңіз.
Сымсыз роу
тердегі брандмауэр қосулы
болса, оны өшіріңіз немесе оны ерекше
жағдай ретінде қосыңыз.
Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын
əріптері мен сандардан тұруы қажет.
(Ерекше таңбаларды қолданбаңыз)
Смартфонның пайдаланушы интерфейсі
(UI) телефонның операциялық жүйесіне
(OS) жəне өндірушіге байланысты əртүрлі
болуы мүмкін.
Егер роутердің қауіпсіздік протоколы WEP
күйіне орнатылған болса, желіні орната
алмауыңыз мүмкін. Оны басқа қауіпсіздік
протоколдарына өзгертіңіз (WPA2
ұсынылады) жəне өнімді қайтадан тіркеңіз.
СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
KK

Содержание

Похожие устройства

Скачать