Samsung RR82BEPN1 [40/72] Қауіпсіздік туралы ақпарат

Samsung RR82BEPN1 [40/72] Қауіпсіздік туралы ақпарат
4_ 
Қауіпсіздік туралы ақпарат

• Тоңазытқышты дымқыл жерде немесе су тиюі мүмкін жерде орнатпаңыз.
- Электр компоненттері изоляциясының бүлінуі электр тоғының соғуына
немесе тұтануға əкеліп соғуы мүмкін.
Тоңазытқышты тікелей күн сəулесі түсетін, сонымен қатар пеш, бөлме
жылытқышы немесе басқа да құрылғылар сияқты жылу көздері бар жерлерге
орналастырмаңыз.
Газ құбырын, телефон желісін немесе электр тоғының басқа да өткізгіштерін
жермен байланыстыру нүктесі ретінде пайдаланбаңыз.
- Жермен байланыстырушы тіркеуішті дұрыс пайдаланбау электр тоғының
соғуына əкеліп соғуы мүмкін.
Жалғыз желі фильтріне бірнеше құрылғыны қоспаңыз. Тоңазытқыш жұмыс
кернеуі тоңазытқыштың зауыттық кестесінде көрсетілген кернеуге сай келетін
жеке розеткаға қосылу керек.
- Бұл құрылғының тиімді жұмысын жəне тұтанудың себебі болуы мүмкін
сымдардың күйіп кетуінің, үй электр желісінің шамадан тыс пайдалануының
алдын алуды қамтамасыз етеді.
• Электркөзі шнурының айырын бекітілмеген қабырға розеткасына қоспаңыз.
- Кері жағдайда тұтану қауіпі немесе электр тоғына түсу қауіпі бар.
Барлық ұзындығы бойынша немесе жан-жағында ақаулықтардың ізі бар
электркөзі шнурын пайдаланбаңыз.
Электркөзі шнурының үстіне ауыр заттар қоймаңыз жəне шамадан тыс
майысудан сақтаңыз.
Құрылғыны розеткадан ажырату үшін оның шнурынан ұстап тартпаңыз.
Электркөзі шнурының айырынан ұстаңыз да, оны розеткадан ажыратыңыз.
- Зақымдалған электркөзі шнуры қысқа тұйықталуға,тұтануға немесе электр
тоғына түсуге əкеліп соғуы мүмкін.
Аталмыш тоңазытқышты пайдаланар алдында нұсқаулыққа сай ыңғайлы орынға
орналастыру керек.
Электркөзі шнурын ол төмен қарап тұратындай дұрыс күйде қосыңыз.
- Электркөзі шнурын төңкеріп қосқан кезде сымдар ажырап
кетіп, өртке немесе
электр тоғына түсуге əкеліп соғуы мүмкін.
Тоңазытқышты жылжытқан кезде электркөзі шнурының зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
- Ақаулық тұтануға əкеліп соғуы мүмкін.
Электркөзі шнурының тоңазытқыштың артқы қабырғасына тым таяу
тұрғанынан сақтаныңыз. Себебі ол зақымдануы мүмкін.
Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтіндей жерде сақтаңыз.
- Егер балалар аталмыш материалдарды басына киіп алса, тұншығудан өлім
қауіпі туындайды.
Құрылғыны орнатқаннан кейін электркөзі шнурына тікелей қол жетімділік
мүмкіндігі болатындай етіп орналастыру керек.


Содержание

Скачать