Samsung RR82BEPN1 [53/72] Тоңазытқышты орнату жəне баптау

Samsung RR82BEPN1 [53/72] Тоңазытқышты орнату жəне баптау
 _17


Тоңазытқыш орнатылғаннан кейін, сіз оны баптай аласыз жəне құрылғының толық
функционалдылығына рахаттана аласыз.
Сатылы қадамдар біткеннен кейін, тоңазытқыш толық жұмыс жасауға қабілетті болуы керек.
Кері жағдайда электркөзін жəне электр энергиясы көзін тексеріңіз немесе осы
нұсқаулықтың соңындағы ақаулықтарды жою бөліміне жүгініңіз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
1. Құрылғы мен қабырғаның арасына барынша бос орын қалдыра отырып,
тоңазытқышты қолайлы орынға орналастырыңыз. Берілген нұсқаулықтағы
орнату бойынша нұсқауларды қараңыз.
2. Тоңазытқыш электркөзіне қосылғаннан кейін, есік ашылғанда ішкі
жарықтандыру іске қосылатындығына көз жеткізіңіз.
3.
Температура реттегішті ең төменгі көрсеткішке қойыңыз жəне бір сағат күтіңіз.
Тоңазытқыш біраз суу керек, ал моторы бір қалыпты жұмыс істеуі керек.
4.
Тоңазытқышқа электркөзіне қосылғаннан кейін тиісті температура орнату үшін
бірнеше сағат керек. Тоңазытқышта жеткілікті деңгейдегі төмен температура
орнатқаннан кейін оған азық-түлік пен сусындар салып қоюға болады.

- Тоңазытқышты жеткілікті дəрежеде желдетілетін салқын, құрғақ бөлмеге орнатыңыз. Оған
күн сəулесінің тікелей түспегендігін қамтамасыз етіңіз жəне оны тікелей жылу көздерінің
жанына орнатпаңыз (мысалы, жылыту батареялары).
- Тоңазытқыштың тесіктерін немесе шарбақтарын ешқашан жаппаңыз.
-
Жылы тағамды тоңазытқышқа салмас бұрын бөлме температурасына дейін суытып алыңыз.
- Мұздатылған азық-түліктерді еріту үшін тоңазыту камерасына салыңыз. Бұл жағдайда
сіз мұздатылған азық-түліктің төмен температурасын тоңазыту камерасындағы азық-
түліктерді суыту үшін қолдана аласыз.
- Тоңазытқышқа азық-түлікті салу немесе одан азық-түлікті алу кезінде оның есігін ұзақ
уақыт ашып қоймаңыз. Есік барынша сирек ашылса, мұздату камерасында мұздың қатуы да
барынша аз болады.
- Тоңазытқыштың артқы жағын ұдайы тазартып отырыңыз.
Шаң электр энергиясын тұтынуды арттырады.
- Температураны қажетті деңгейден төмен қоймаңыз.
- Тоңазытқыштың асты мен артқы жағында ауа алмасуы үшін жеткілікті орын қалдыру
керек. Желдету тесіктерін жаппаңыз.
- Тоңазытқышты орнату кезінде оң, сол, артқы жəне үстіңгі жақтарынан саңылау
қалдырыңыз. Бұл сіздің электр энергиясын тұтынуыңызды азайтады жəне осыған сəйкес
электр энергиясына төлем сомасын да азайтады.

Содержание

Скачать