Samsung RR82BEPN1 [41/72] Орнату кезіндегі ескертудің белгілері

Samsung RR82BEPN1 [41/72] Орнату кезіндегі ескертудің белгілері
 _5
Тоңазытқышты жермен байланыстыру керек.
- Электр тоғының электр тоғына түсуден құтылу үшін тоңазытқышты жермен
байланыстыру керек.
Электркөзі шнуры зақымданған жағдайда оны ауыстыру үшін шұғыл түрде
өндірішіге немесе техникалық қамтамасыз ету қызметіне хабарласыңыз.
Тоңазытқыштың балқығыш сақтандырғыштарын білікті маман немесе сервис
орталығы ауыстыру керек.
- Бұл талаптың орындалмауы электр тоғының соғуына немесе жарақат алуға
əкеліп соғуы мүмкін.

Тоңазытқышты жеткілікті бос кеңістік қалатындай тегіс жерге орналастыру керек.
-
Егер тоңазытқыш тегіс орналастырылмаса, салқындату жүйесі дұрыс жұмыс істемейді.
Желдету тесіктеріне немесе бекіту конструкцияларына кедергілердің
жоқтығына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны орнатқаннан кейін оны қоспай екі сағат күте тұрыңыз.


Электркөзі шнурын дымқыл қолмен қоспаңыз.
Құрылғының үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
- Кері жағдайда есікті ашу немесе жабу кезінде зат құлап қалып
жарақаттандыруы мүмкін немесе жабдыққа зақым келтіруі мүмкін.
Тоңазытқыштың үстіне сұйықтығы бар контейнер қоймаңыз.
-
Кері жағдайда сұйықтық төгілу салдарынан немесе электр тогіне түсу қауіпі бар.
Балалардың тоңазытқыштың есігінде асылып тұруына жол бермеңіз. Кері
жағдайда олар ауыр жарақат алуы мүмкін.
Балалардың тоңазытқыштың ішіне кіруіне жол бермеңіз. Балалардың ол жерден
шыға алмау қауіпі бар.
Құрылғының астына қолыңызды қоймаңыз
- Өткір жақтары кесіп кетуі мүмкін.
Балаларға жəшіктің қақпағын басуына жол бермеңіз.
- Оны сындырып алу немесе тайып кету қауіпі бар.
Тоңазытқышты азық-түлікпен шамадан тыс толтырмаңыз.
- Есікті ашқан кезде азық-түліктер құлап жарақаттандыруы немесе жабдыққа
зақым келтіруі қалу мүмкін.
Диспенсер тесігіне саусағыңызды салмаңыз жəне оған басқа да заттардың түсіп
кетпеуін қадағалап отырыңыз.
- бұл жарақатқа немесе жабдықтың зақымдануына əкеліп соғады.
Тоңазытқышта ұшатын немесе тұтанатын заттарды сақтамаңыз.
- Бензол еріткіші, спирт, эфир, сұйылтылған мұнай газы немесе басқа да сол
сияқты заттар жарылысқа əкеліп соғуы мүмкін.
Тоңазытқышта медициналық, химиялық, немесе басқа да температураның
өзгеруіне сезімтал заттарды сақтамаңыз.
- Тоңазытқышта қатаң температуралық бақылауды талап ететін заттарды
сақтамаңыз.
Тоңазытқыштың ішіне өндіруші ұсынғаннан бөлек электр аспаптарын қоймаңыз
жəне пайдаланбаңыз.



Содержание

Скачать