Samsung RR82BEPN1 [46/72] Тоңазытқышты орнату жəне баптау

Samsung RR82BEPN1 [46/72] Тоңазытқышты орнату жəне баптау
10_ 

ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ
ОРНАТУ ЖƏНЕ БАПТАУ

Samsung тоңазытқыш сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Осы құрылғының көптеген
заманауи функцияларына жəне ерекшеліктеріне көңілдеріңіз толады деген ойдамыз.
Берілген тоңазытқышты пайдаланар алдында оны нұсқаулыққа сəйкес қолайлы
жерге орнатыңыз жəне орналастырыңыз.
Берілген құрылғыны нұсқаулықта көрсетілген арналуы бойынша пайдаланыңыз.
Берілген құрылғыға кез келген жөндеу жұмыстарын білікті мамандар жүргізу керек.
Құрылғының қаптамасын кəдеге асыру кезінде оның қоршаған ортаға зиян
келтірмейтініне көз жеткізіңіз.
Тоңазытқыштың ішкі жарық бөлшектерін ауыстырар алдында розеткадан
электркөзі шнурының айырын ажыратыңыз.
- Кері жағдайда электр тогына ұшырау қауіпі бар.

Тоңазытқышты тікелей күн сəулесі түспейтін жерге орнатыңыз.
• Орнату орнының еден беті тегіс болуы керек.
• Тоңазытқыштың есігін жеткілікті кеңістікпен қамтамасыз етіңіз
Ауа алмасуы үшін оң, сол, артқы жəне үстіңгі жақтарын жеткілікті орынмен
қамтамасыз етіңіз. Жеткілікті орын қалдырмаған жағдайда ішкі суыту жүйесі
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрылғыны күтіп-баптау мен жөндеу жүргізе алатындай етіп орналастыру керек.
Құрылғының биіктігі үлгісіне қарай ерекшеленеді.
Тоңазытқышты оң жағынан, сол жағынан, артынан жəне төбесінен бос кеңістік
қалатындай етіп орнатыңыз. Бұл электр энергиясын үнемдеуге көмектеседі.
Тоңазытқышты температурасы 10°С-тан төмен жерге орнатпаңыз.
Тоңазытқышты орнату, күтіп-баптау немесе артындағы кеңістікті тазарту кезінде
оны мұқият ашық жерге ауыстырыңыз, сосын оны қайта орнына қойыңыз.
Бөлме еденінің азық-түлікпен толтырылған тоңазытқыштың салмағын көтере
алатындығына көз жеткізіңіз.

100mm
50mm
1800mm
or
1650mm





1,010mm
at least
50mm
1,175mm
600mm
550mm


130°





Содержание

Скачать