Polaris PGS 2230VA [28/41] Polaris

Polaris PGS 2230VA [28/41] Polaris
27
Тігінен ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін
вертикальды үтіктегіш құрылғы
POLARIS
Үлгісі PGS 2230VA
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда таңбасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес
жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде толықтай,
мұқият оқып шығыңыз, осы нұсқаулықтың барлық пайдалану ережелерімен мұқият танысыңыз,
онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құрылғыны дұрыс
пайдалану және оған күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар мен кеңестер берілген.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше,
картон қорапта және орама материалымен бірге сақтаңыз.
Жалпы мәлімет
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, үлгісі PGS 2230VA POLARIS сауда таңбасымен
шығарылатын, киім үтіктеуге арналған тұрмыстық электрлік тігінен ыстық бумен жібітіп булап
үтіктейтін вертикальды үтіктегіш құрылғы (бұдан әрі мәтін бойынша тігінен ыстық бумен
жібітіп булап үтіктейтін электрлік үтіктегіш, ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін вертикальды
үтіктегіш құрылғы, құрылғы) жөніндегі техникалық деректері мен сипаттамаларымен, оның
құрылғысымен, сонымен қатар құрылғыны сақтау және пайдалану бойынша ережелерімен
танысуға арналған.
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Бұл киім үтіктеуге арналған тұрмыстық электрлік тігінен ыстық бумен жібітіп булап
үтіктейтін үтіктегіш құрылғы электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген
талаптарға сәйкес пайдаланылуы тиіс, яғни құрылғының пайдалануы «Тұтынушылардың
электрлі қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары» бойынша тұтынушылардың
электр қондырғыларын техникалық пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерінің талаптарына
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл тігінен ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін үтіктегіш құрылғы осы нұсқаулықтың
ережелеріне сәйкес тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс.
Бұл электрлік ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын,
осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз.
Әр жолы құрылғыны іске қоспас бұрын, оның электр желілік баусымын және де, бу түтігін
мұқият түрде қарап шығыңыз, олардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Құрылғының және
оның электр желілік баусымның қандай да бір ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны ешбір
жағдайда электр желіге, ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Бұл электрлік ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін құрылғы және оның электрлік желілік
баусымы ыстық ауаның тікелей күн көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күннің
жарық сәулесінің және де жауын-шашындардың түсуіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп,
яғни құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмайтындай етіп, сақталуы
керек.
Электр желіге қосылып тұрған үтіктегіш құрылғыны қадағалаусыз қалдыруға болмайды! Егер
Сіз құрылғымен пайдаланбасаңыз, онда оны әркез сөндіріп, оның электрмен қоректендіретін
электр желілік баусымын электр желісінен ажыратыңыз.
Аталған құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,
кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, құрылғыны қолдану үшін білімі мен
тәжірибесі жоқ не оны қолдана білмейтін немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық,
физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Олар
бұл құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап
отырыңыз.

Содержание