Polaris PGS 2230VA [31/41] Құрылғының жиынтықтылығы

Polaris PGS 2230VA [31/41] Құрылғының жиынтықтылығы
30
Ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін үтіктегіш құрылғыны, яғни құрылғыдан шығатын бу
ағынын адамдарға, жануарларға, бөлмедегі өсімдіктерге, сондай-ақ жиһазға, кітаптарға, электр
құрылдарға, сондай-ақ ыстық бу мен ылғал әсерінен зақымдалатын кез келген заттарға
бағыттауға тыйым салынады.
Құрылғыны бөлшектеу мен қызмет көрсету алдында, құралдың толық салқындауын күту
қажет (ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін үтіктегіш құрылғыны сөндіргеннен кейін ол толық
суығанша кем дегенде 5 минут күте тұрыңыз), әйтпесе, ыстық сумен күйіп қалу қауіпі бар.
Құрылғының алынбалы құрылғылар құрғақ және салқын болуы тиіс.
Құрылғының суға арналған резервуарына сірке қышқылын немесе қақ тазартуға арналған
арнайы заттарды құюға болмайды. Құрылғының суға арналған резервуарына тұрмыстық сүзгіден
қосымша тазалықтан өткен (минералсызданған) тек таза суды құйыңыз. Газдалған суды және
хош иісті парфюмериялық қоспаларды немесе крахмал ерітіндісін пайдаланбаңыз.
Құрылғының пайдалану саласы
Бұл киім үтіктеуге арналған тұрмыстық электрлік тігінен ыстық бумен жібітіп булап
үтіктейтін үтіктегіш құрылғы осы пайдалану жөніндегі Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес
тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс. Ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін
үтіктегіш құрылғыны өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым
салынады.
Өндіруші құрылғыны дұрыс қолданбау немесе бұл пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
қарастырылмаған қолдану нәтижесінде пайда болған зақым үшін немесе дұрыс
пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапкершілік тартпайды.
Бұл киім үтіктеуге арналған тұрмыстық электрлік тігінен ыстық бумен жібітіп булап
үтіктейтін үтіктегіш құрылғы кез келген мата түрін, киімдегі бүрмелерді үтіктеуге арналған.
Құрылғыны белгілі бір матаның түріне немесе киімге қолдануға күмәндансаңыз, киімнің ішкі
жағында орналасқан затбелгісіне назар аударыңыз. Онда затты қалай күту керектігі жайлы
барлық мәліметтер жазылған, оның затбелгісіндегі жазба белгілерді басшылыққа алыңыз. Егер
киімдегі затбелгісінде бұндай ақпарат болмаса, бұйымның материалы, яғни үтіктейтін
матаның түрі белгісіз болса, сонымен бұйымның құрамын білмесеңіз, онда матаның шеткі
бөлігін теріс жағынан үтіктеп тексеріп көріңіз.
Жібек, вельвет және барқыт секілді маталарды жібітіп үтіктеу барысында үтіктегіш
құрылғыны үтіктейтін бұйымдан белгілі бір қашықтықта ұстаңыз.
Құрылғының жиынтықтылығы
1. Құрылғы 1 дана.
2. Құрылғының жиынтықтылығына кіретін бөлшектері мен керек-жарақтары:
- қылшақ - қондырмасы 1 дана.
- қолғап 1 дана.
- белдемше және сым мен шалбар ілуге арналған қысқыш 2 дана.
- киімдегі жаға мен жеңдерді (манжеттерді) үтіктеуге арналған тақтай 1 дана.
3. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана.
4. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі 1 дана.
5. Кепілдік талоны 1 дана.

Содержание