Polaris PGS 2230VA Инструкция по эксплуатации онлайн [41/41] 451167

Polaris PGS 2230VA Инструкция по эксплуатации онлайн [41/41] 451167
40
КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ
Бұйым: Киім үтіктеуге арналған тігінен ыстық бумен Үлгісі: PGS 2230VA
жібітіп булап үтіктейтін вертикальды үтіктегіш құрылғы
Бұл кепілдік бұйымды сатып алған күннен 12 ай бойына әрекетте болады, және материалдар мен жұмыс істеуіне
байланысты ақаулар табылған жағдайда кепілдік қызмет көрсетуді білдіреді. Бұл жағдайда тұтынушы басқасын
қоса алғанда, бұйымды тегін жөндетуге құқықты. Бұл кепілдік келесі шарттарды сақтағанда, жарамды болып
есептеледі:
1. Кепілдік міндеттеме «POLARIS» компаниясы шығаратын барлық үлгілерге, кепілдік қызмет көрсетілетін
елдердің барлығында жарамды (сатып алған жеріне қарамастан)
2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым пайдалану бойынша
нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды сақтай отырып, пайдаланылуы тиіс.
3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар өндірушінің уәкілетті дилерлері және ресми
қызмет көрсететін (қызмет көрсету) орталықтар орындайды. Бұл кепілдік өндіруші құзырлық бермеген
сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды, олар тұтынушы алдында заңға сәйкес, өздігінен жауап
береді.
4. Бұл кепілдік келесі жәйттердің нәтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге, сондай-ақ бұйымның сыртқы
түрінің өзгеруіне, яғни құрылғының бетінде сыртқы өзгерістер болған жағдайда таралмайды, егер де:
Бұл кепілдік химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер болған жағдайда, сондай-ақ, бұйымның
ішіне сұйықтық төгілген жағдайда, сонымен қатар, құрт-құмырсқа немесе шыбын-шіркей секілді бөгде заттардың
бұйымның ішіне түсіп кетуі, сонымен бірге, бұл ақау микроортанизмдердің, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа
секілді жәндіктер мен зиянкестер топтарының іс-әрекет, тіршілігінің салдары нәтижесінде туындаған ақау үшін
таралмайды;
Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, оның жиынтықтығына кірмейтін,
қосымша керек-жарақтарын пайдаланғанда, сондай-ақ, бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың қауіпсіздік
техникасының ережелері мен талаптарын бұза отырып, орнатқанда және пайдаланғанда;
Пайдаланатын судың құрамында минералдық заттардың үлесі жоғары мөлшерде болған әсерінен
минералдық түзілімдер мен әк шөгінділерінің, су тастары мен қақ, түзілген тұнбаның әкті түзілімнің салдарынан
туындаған бүлінулер мен құрылғының сыртқы не ішкі қандай да бір өзгерістер байқалған жағдайда;
Құрылғыны қалыпты пайдалану салдарынан пайда болған сыртқы өзгерістер байқалса, сондай-ақ, құрылғының
функционалдық қасиетіне әсер тигізбейтін, қалыпты түрде тозған жағдайда: құралдың ішкі және сыртқы
қабатының механикалық бүлінуі (металдың ішіне майысу, сызаттың түсуі, сыртқы түс түрінің өзгеруі не тіпті
жоғалуы немесе қажалып бүлінуі), металл түсінің қалыпты өзгеруі, сондай-ақ, құрылғының метал бетінде
құбылмалы немесе қара дақтардың пайда болуы, сонымен қатар, құрылғының жабыны бүлінген жерлеінде
тоттанудың салдарынан металлдың бұзылуы, яғни металдың бетінде тотқа қарсы жабыны жоқ және жабыны
бар жерлерінде коррозияның орын алуы салдарынан зақымдалған болса;
Жарамдылық мерзімі шектеулі әрлеу бөлшектері және шам, батареялар, қорғаныс экрандары, қоқыс жинауға
арналған сыйымдылықтар, белдіктер, қылшақтар тозған жағдайда, сондай-ақ, басқа да бұйымдардың бөлшектері
мен бөліктері тозғанда және олардың пайдалану мерзімі шектеулі болған жағдайда;
Авторландырылған (өкілетті) қызмет көрсету орталықтар болып табылмайтын*, тұлғалар немесе фирмалар
өндірген бұйымдардың жөндеуін жүргізген жағдайда;
Бұйымды тексеру барысында құрылғыда немесе оның құрастырылымда өзгерістер немесе бөгде бұзу іздері
анықталған жағдайда, яғни бұйым ашылып, бөлшектеніп, қайтадан құрастырылып жиналған болса, сондай-ақ
құрылғыны өзбетіңізбен жөндеген жағдайда немесе бұл пайдалану жөніндегі нұсқаулығында қарастырылмаған
жөндеу жұмыстарын бөгде тұлғалардың тарапынан, яғни өкілетті қызмет көрсету орталықтар болып табылмайтын
фирмалар өздігінен жүргізген болса немесе қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге тырысқан жағдайда.
5. Бұл кепілдік тек талонның түпнұсқасымен, сатушы берген тауарлы чектің түпнұсқасымен және ақауы
табылған бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ
6. Бұл кепілдік тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға ғана жарамды, және
коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта қолданылатын бұйымдарға таралмайды.
POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мәселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті POLARIS ресми
сатушыңызға хабарласыңыз.
Құрылғының ақаулы екендігі анықталса, тез арада қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.
Жеткізуші құрылғыны тасымалдау барысында, дұрыс емес пайдалану салдарынан, сондай-ақ, модификациялау
(жаңадан жасау; қайта жасау; қайта құрастыру; түрлендіру, өзгерту) құрылғының түрін өзгертіп, түрлендіру
әрекетіне байланысты, немесе өздігінен жөндеу жұмысын жүргізудің нәтижесінде туындаған ақау үшін жауапты
емес.
* Авторландырылған (өкілетті) сервистік орталықтардың мекен-жайлары Компания сайтында көре аласыз:
www.polar.ru.

Содержание