Redmond RM-2005D [23/32] Аспапты қолданған соң сонымен қатар оны тазалаған немесе тасы

Redmond RM-2005D [23/32] Аспапты қолданған соң сонымен қатар оны тазалаған немесе тасы
RM-2005D
23
KAZ
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана қосыңыз, бұл электр
қауіпсіздігінің міндетті талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның
жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе тасы-
малдаған кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес,
штепселінен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу көздерінің
жанында тартпаңыз. Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін,
үшкір заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру кабелі зақымда-
луы кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, со-
нымен қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп соқтыруы мүм-
кін. Зақымдалған электр кабелі сервис-орталықта жедел
ауыстыруды талап етеді.
Пайдалану кезінде микротолқынды пештің вентиляциялық саңылау-
ларын жаппаңыздар. Жеткіліксіз желдетілу ішкі камераның бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін, бұл зиянды сәулеленуді туғызуы мүмкін. Пеш-
ті осы басшылыққа сәйкес қана орнатыңыз және пайдаланыңыз.
Есіктің жабылуына бірдеңе кедергі келтіріп тұрса, микротолқынды пеш-
ті пайдаланбаңыз. Тағам қалдықтарынан әлсін-әлсін ішкі камераны және
бекіткіш элементтерді тазалап отырыңыз. Аспапты тазалау үшін жұмсақ
маталарды және абразивті емес жуғыш құрылдарды пайдаланыңыз.
Ашық есігімен микротолқынды пешті қосуға және есіктің
жабылуына кедергі келтіре отырып, блоктау фиксаторлары-
на кез –келген заттарды қоюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
ЕСКЕРТУ! Егер есік немесе есіктің бекіткіші зақымданған
болса, ол білікті мамандармен жөнделмейінше пешті қосуға
болмайды.
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, оны
анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қызметінің
мерзімін ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын және бұйымды пайдалану
ережелерін сақтамаудан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде мен өнеркәсіптік
емес пайдаланудың кез келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла
алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген мақсатсыз пайдалану
бұйымды тиісті түрде пайдалану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл
жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Микротолқынды пешті нысаналы мақ-
саты бойынша пайдаланбау денсаулыққа зиянды.
Бұл модель жеке тұратын қондырғы ретінде пайдалануға
арналған. Шкафта пайдалануға тыйым салынады!
Микротолқынды пеш тағам өнімдері мен сусындарды жылытуға
арналған. Аспапты қандай да бір химиялық немесе желінбейтін
өнімдер мен сұйықтықтарды жылытуға, сонымен қатар қағазды,
киімді және сондай материалдарды кептіру үшін пайдалануға тый-
ым салынады.
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның кернеуі аспаптың
номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техника-
лық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қолданыңыз: па-
раметрлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің жа-
нуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Содержание

Скачать