Redmond RM-2005D [26/32] I пайдалана бастау алдында

Redmond RM-2005D [26/32] I пайдалана бастау алдында
26
7. Дисплей
8. Басқару тақтасы
9. Электр энергиясы үшін шнур
10. Шыны ыдыс
11. Роликтік дөңгелек
Басқару тақтасы (
A2
сурет, 4 бет)
1.
«ЧАСЫ/ТАЙМЕР» («УАҚЫТ/ТАЙМЕР») түймешігі сағатты күйге, стартты кейінге
қалдыру, оятар келтіру
2.
«РАЗМОРОЗКА» («ЖІБІТУ») түймешігі салмақ бойынша жібіту режимін күйге келтіру
3. «МОЩНОСТЬ» («ҚУАТ») түймешігі – қуатты реттеу
4.
«БЫСТРАЯ РАЗМОРОЗКА» («ЖЫЛДАМ ЖІБІТУ»), 0 түймешігі жылдам жібіту режимін
күйге келтіру
5.
«АВТОПОДОГРЕВ» («АВТОЖЫЛЫТУ»), 1 түймешігі «Автоподогрев» автоматты бағдар-
лама
6. «ОВОЩИ» («КӨКӨНІСТЕР»), 2 түймешігі – «Овощи» автоматты бағдарлама
7. «РЫБА» («БАЛЫҚ»), 3 түймешігі – «Рыба» автоматты бағдарлама
8. «МЯСО» («ЕТ»), 4 түймешігі – «Мясо» автоматты бағдарлама
9. «ПАСТА» («ПАСТА»), 5 түймешігі – «Паста» автоматты бағдарлама
10. «КАРТОФЕЛЬ» («КАРТОП»), 6 түймешігі – «Картофель» автоматты бағдарлама
11. «ПИЦЦА» («ПИЦЦА»), 7 түймешігі «Пицца» автоматты бағдарлама
12. «СУП» («СОРПА»), 8 түймешігі – «Суп» автоматты бағдарлама
13. «КАША» («БОТҚАСЫ»), 9 түймешігі – «Каша» автоматты бағдарлама
14. «СТОП/ОТМЕНА» («СТОП/ЖОЮ») түймешігі — стоп/түсіру, басқару панелін бұғаттау
15. «СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ» («СТАРТ/ТЕЗ СТАРТ») түймешігі – іске қосу, 30 секунд қа-
дамымен уақытты күйге келтіру, енгізілген күйге келтіруді растау
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау материал-
дары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Электр бауды толық жайыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Шешілмелі бөл-
шектерді сабынды сумен жуыңыз, аспаптың барлық элементтерін электр желіге қосарал-
дында мұқият кептіріңіз. Әзірлеудің алдында құрылғы сыртқы және көзге көрінетін ішкі
бөліктерінде зақым, жарық және басқа ақау жоқтығына көз жеткізіңіз. Аспапты жинаңыз
және
A3
схемасының ұсыныстарына сәйкес оны тегіс қатты құрғақ горизонталь қабатқа
орнатыңыз (5 бет) . Микротолқынды пештің аяқтарын алмаңыздар.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жалпы ұсыныстар
Дайындау және жылыту кезінде әрдайым шыны ыдысты және роликтік дөңгелекті
пайдаланыңыз.
Азық-түліктерді тек шыны ыдысқа ғана салыңыз. Шыны ыдыс пен дөңгелектің басқа
бөгде заттармен блокталмауын қадағалап отырыңыз.
Тамақты дайындаған кезде немесе азық-түліктерді жылытқан кезде минималдық
уақытты орнатып отырыңыз, керек болған жағдайда оны аздап арттырып отырасыз.
Шашырауды болдырмас үшін және тамақ қалдықтарының микротолқынды пештің
корпусына түсуін болдырмас үшін, азық-түліктердің бетін жауап отырыңыз.
Дайындау кезінде тағамдарды бұрып және араластырып отырыңыз. Дайындау уақы-
тын қысқарту үшін ірі тағамдарды кесіп отырыңыз. Жылыту кезінде тамақты арала-
стырып отырыңыз, себебі жылыту кезінде тамақтың жаны ортасына қарағанда тезірек
жылыйды. Тағамдарды ыдысқа бір қабат қылып салыңыздар, үлкен кесектерді жан-
дарына, ал ұсақ кесектерді- ортасына салыңыздар.
Балалар тамағы бар банкалар мен тамақтандыруға арналған балалардың бөтелкелерін
араластырып отырыңыз. Күйіп қалуды болдырмас үшін, тамақтандырар алдында
міндетті түрде қоспаның температурасын тексеріңіз!
Микротолқынды пеште қабығы бар немесе қалың қабатты өнімдерді жылытпаңыздар
(жұмыртқа, картоп, алма, сосиска, тұтас асқабақ, бауыр сияқты), себебі олар микро-
толқынды пеш жылытып болған соң да жарылуы мүмкін. Мұндай тағамдарды дай-
ындар алдында тесіп алған дұрыс болады.
Ыстық өнімдермен жұмыс жасағанда абай болыңыздар. Жылытқаннан кейін микротолқын-
ды пештен ыдысты алып шығу үшін асүйге арналған қолғаптарды пайдаланыңыздар.
Микротолқынды пештің ыстық гриліне немесе ішкі камерасына оны пайдаланудан
кейін бірден жұғыспаңыз.
Грильге арналған торды пайдалану кезінде оны шыны табаққа орналастырыңыз.
Вентиляциялық саңылаулар әрдайым ашық кеңістікте екендігіне назар салып оты-
рыңыз. Олай болмаған жағдайда аспаптың қызып кетуі, оның зақымдануы немесе
жұмыс қатарынан шығып қалуы мүмкін. Қысқа тұйықталуларды болдырмас мақса-
тында микротолқынды пештің вентиляциялық саңылауына судың түсуіне жол бермеңіз.
Микротолқынды пеште дайындауға жарамды материалдар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Микротолқынды пеште дайындауға және жылытуға арналған
ыдысты ғана пайдаланыңыздар.

Содержание

Скачать