Redmond RM-2005D [28/32] Жылдам жібіту режимін белгілеу

Redmond RM-2005D [28/32] Жылдам жібіту режимін белгілеу
28
4. Бағдарламаланған уақытқа жеткенде, аспап бес дыбыс сигналын беріп, күту режимі-
не өтеді.
5. Ағымдағы процесті болдырмау және күту режиміне өту үшін баптаудың кез келген
кезеңінде «СТОП/ОТМЕНА» түймешігін басыңыз.
Микротолқындар режимінде әзірлеу
1. Өнімді микротолқынды пешке салып, есікті тығыздап жабыңыз.
2.
Қажет болған кезде сіз аспаптың қуатын өзгерте аласыз. Қуатты реттеу режиміне
ауысу үшін «МОЩНОСТЬ» түймешігін басыңыз. Әрі қарай «МОЩНОСТЬ» түймешігін
баса отырып, қуаттың деңгейін реттеңіз. Мәндерді ауыстырып-қосу шеңбер бойынша
болады:
Дисплейдегі мәндер Қуат деңгейі Пайдалану бойынша ұсыныстар
P100 100%
Сұйықтықты қайнату, көкөністерді, жемі-
стерді, жүгері, пастаны дайындау
P 80 80%
Құсты, етті, пісірмелерді дайындау, сүтті
жылыту
P 50 50%
Тағамды құмыраларда пісіру, пісірмелерді,
шоколад кремін, жұмыртқа мен ірімшік, ба-
лық тағамдарын дайындау
P 30 30%
Еттің, сорпаның кішігірім көлемін дайындау,
май мен сары майды жұмсарту, бұқтыру, еріту
P 10 10%
Ыстық тағамдардың температурасын ұстау,
баяу отта дайындау
3. 0-9 түймелерін пайдаланып, әзірлеу уақытын орнатыңыз (максималды уақыт — 99
минут 99 секунд).
4.
Қыздыру процесін іске қосу үшін «СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ» түймешігін басыңыз,
жұмыс барысында дисплей секунд бойынша кері есептеуді көрсететін болады.
Аспаптың жұмыс процесі кезінде белгіленген қуатты көру үшін «МОЩНОСТЬ» түй-
мешігін басыңыз: қуаттың мәні дисплейде 3 секунд бойы жыпылықтайтын болады.
Егер жұмыс процесінде аспаптың есігі ашық болған болса, аспап қыздыруды автомат-
ты түрде тоқтата тұрады. Әзірлеуді жалғастыру үшін есікті жабыңыз және «СТАРТ/
БЫСТРЫЙ СТАРТ» түймешігін басыңыз.
5.
Ағымдағы процесті тоқтату үшін, «СТОП/ОТМЕНА» түймешігін басыңыз. Жұмысты
қайта жалғастыру үшін «СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ» түймешігін басыңыз. Ағымдағы
процесті жою және күту режиміне ауысу үшін «СТОП/ОТМЕНА» түймешігін екі рет
басыңыз.
6. Әзірлеу аяқталған соң аспап бес дыбыстық сигнал береді және күту режиміне ауы-
сады.
Тез әзірлеу
Күту режимінде максималды қуатта қыздыру процесін тез іске қосу үшін «СТАРТ/БЫСТРЫЙ
СТАРТ» түймешігін басыңыз. Түймешікті әрбір келесі басу әзірлеу уақытын 30 секундқа
ұзартатын болады (максималды уақыт 12 минут).
«Жібіту» режимін белгілеу
1. «РАЗМОРОЗКА» түймешікті басыңыз, дисплейде «dEF1» жазбасы пайда болады.
2. 0-9 түймелерін пайдаланып, өнімнің салмағын 100 г қадамымен 100 г бастап 2 кг
дейін белгілеңіз.
3. «СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ» түймешігін басумен жібіту процесін іске қосыңыз.
Жібіту уақыты өнімнің салмағына сүйене отырып, автоматты түрде белгіленеді.
Уақытты қолмен реттеу қол жетімсіз.
«Жылдам жібіту» режимін белгілеу
1. «БЫСТРАЯ РАЗМОРОЗКА» » түймешігін басыңыз, дисплейде «dEF2» жазбасы пайда
болады.
2. 0-9 түймелерін пайдаланып, өнімнің салмағын 100 г қадамымен 100 г бастап 1,2 кг
дейін белгілеңіз.
3. «СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ» түймешігін басумен жібіту процесін іске қосыңыз.
Кезең-кезеңмен әзірлеу
Аталған функцияның көмегімен сіз жұмыстың екі режимінің бірізді орындалуын күйге
келтіре аласыз (мысалы, тағамдарды кейінгі әзірлеумен жібіту). Бұл үшін таңдалған кезеңді,
«ОК» түймешігін баспай, тиісті бөлімнің нұсқаулықтарын қолдана отырып, күйге келтіріңіз.
Екінші кезеңнің күйге келтіруін ұқсас жүргізіңіз, іске қосу үшін «OK» түймешігін басыңыз,
аспап берілген режимдердің орындауын бастайды. Әзірлеудің екінші кезеңіне ауысу
кезінде аспап дыбыстық сигнал береді.
Әзірлеу кезеңінің максималды саны — 2.
Еріту тек бірінші кезең болуы мүмкін.
Әзірлеудің автоматтық бағдарламасы этаптардың біреуі ретінде таңдалуы мүмкін.
Әзірлеудің автоматтық бағдарламалары
1.
Күту режимінде басқару тақтасындағы тиісті батырманы басу арқылы төмендегі
кестеге сәйкес автоматты бағдарламаны таңдаңыз. Дисплейде таңдалған бағдарла-
маның нөмірі көрсетілетін болады.
2. Өнім салмағын реттеуге өту үшін таңдалған автоматты бағдарлама түймешігін қайта
басыңыз. Содан кейін таңдалған автоматты бағдарлама түймесін басу арқылы өнім
салмағын таңдаңыз.
3.
Әзірлеу процесін «СТАРТ/БЫСТРЫЙ СТАРТ» түймешігін басумен іске қосыңыз. Жұмыс
барысында дисплей секунд бойынша кері есептеуді көрсететін болады.

Содержание

Скачать