Karcher BP 4 Home & Garden 1.645-363.0 [56/64] Кепілдік

Karcher BP 4 Home & Garden 1.645-363.0 [56/64] Кепілдік
56 Қазақша
Кепілдік
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайы артқы жағында берілген)
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Құрғақ жүрістен қорғау
Құрал су беруін тоқтатуды анықтайды. Егер іске қосу
барысында белгілі бір уақыт аралығында
сорылмаса немесе қайта айдалмаса, сорғы өшеді.
Қолмен басқарылатын режимде ол 4 минуттан кейін
орындалады, ал автоматты режимде — 3 минуттан
кейін. Дисплейде «Сорылу жағында қате»
индикациясы жанады.
Құрылғының сипаттамасы
Осы нұсқаулықта максималды комплектациядағы
құрылғы сипатталған. Үлгіге қарай жеткізілім
комплектациясында айырмашылықтар болады
(Қаптаманы қараңыз).
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз
Сурет A
1 G1 сорғысына арналған жалғастырғыш адаптер
2 G1 жалғағышы (33,3 мм), соратын құбыр желісі
(кіріс)
3 Құю келте құбыры
4 Күрделі тазалау сүзгісі жəне кірістірілген кері
клапан
5 Қақпақ
6 2 жүрісті жалғастырғыш адаптерге арналған
тығыздатқыш қалпақша
7 G1 сорғыларына арналған 2 жүрісті
жалғастырғыш адаптер
8 G1 жалғастырғышы (33,3 мм), арын құбыр желісі
(шығыс)
9 Ауыстырып-қосқыш ҚОСУ/ӨШІРУ
10 Кабель мен ашасы бар желі шнурын сақтау орны
11 Ақау индикаторы
12 Резина шөткесі
13 «Сорылу жағындағы қате» жарықдиодты
индикациясы
14 «Арын жағындағы қате» жарықдиодты
индикациясы
15 Кабельдің қысқышы
16 Көмекші ашатын құрылғы
Пайдалануға енгізу
Тек түпнұсқалы Кärcher керек-жарақтарын
пайдалануды ұсынамыз: сорғыш шлангілер,
сүзгілердің компоненттері мен шлангілердің
жалғастырғыштары. Басқа өндірушілердің
компоненттері пайдаланылса, онда сұйықтықтарды
сорғанда, əсіресе байонетті қосылымдарды
пайдаланғанда дұрыс емес жұмыс істеуге əкелуі
мүмкін.
Мобильді пайдалану
Нұсқау
Тіпті кішкентай саңылау жұмыстың ақаулығына
əкеледі.
Соратын шлангіні қосыңыз.
Нұсқау
Кері клапаны бар соратын шлангіні пайдалануды
ұсынамыз. Кері клапан қайта іске қосқанда сору
уақытын қысқартады, себебі ол суды алғаннан
кейін соратын шлангінің босатылуын
болдырмайды. Кері клапанды тікелей сорғыда
монтаждамаңыз.
Нұсқау
Егер құм қоспасы бар су қайта айдалуы керек
болса, қосымша күрделі тазалау
сүзгісін орнатуды
ұсынамыз. Күрделі тазалау сүзгісін шланг пен
сорғы арасына орнатыңыз.
Кері клапан мен күрделі тазалау сүзгісі туралы
ақпаратты келесі тараудан қараңыз Құрал-
жабдықтар мен қосалқы бөлшектер.
1. Жалғастырғыш адаптерді сорғының соратын
келте құбырына (кіріс) бұрап, қолмен бекітіңіз.
Сурет B
2. Вакуумды-тығыз соратын шлангіні қосыңыз.
Арынды құбыр желісін қосыңыз.
1. 2 жүрісті жалғастырғыш адаптерді сорғының
арынды келте құбырына (шығыс) бұрап, қолмен
бекітіңіз.
Сурет C
2 жүрісті жалғастырғыш адаптер бір уақытта 2
құралды қосуға мүмкіндік береді (мыс., кір жуу
машинасын жəне суарғышты) Оны екі шығысты
да бүйірінен немесе бір шығысты бүйірінен, ал
екіншісін жоғарғы жағынан пайдаланылатындай
етіп монтаждауға болады.
Сурет D
2. Арынды құбыр желісін қосыңыз.
3. Егер тек бір шығыс пайдаланылса,
пайдаланылмайтын шығысты бірге берілетін
бітеуішпен жабыңыз.

Содержание

Похожие устройства