Redmond RKM-4045 [22/28] Қауіпсіздік шаралары

Redmond RKM-4045 [22/28] Қауіпсіздік шаралары
22
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ережелерін
ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жауапкершілікке тартыл-
майды.
Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда әзірлеуге арналған көпфунк-
ционалды құрылғы болып табылады және пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде немесе өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдайларын-
да қолданыла алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген басқа
мақсатсыз пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын бұзу болып
табылады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бер-
мейді.
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қоректе-
нуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техни-
калық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланыңыз
параметрлердің сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің тұта-
нуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе жылжыту
кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай, ашасынан
құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында жүргіз-
беңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға, жиһаздың
бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: электр қоректену кабелін кездейсоқ зақымда-
саңыз, кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен
қатар электр тоғының соғуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Электр
қуат беру сымына зақым келген кезде қауіптілікті болдырмау
үшін оны әзірлеуші немесе оның агенті, немесе осыған ұқсас
білікті тұлға ауыстыруы керек.
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз.
Пышақ пен жүздерді тазалағанда мұқият болыңыз олар өте өткір.
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады құрылғы корпу-
сының ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар болуы
мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралдың айналып тұрған бөлшектеріне
қол тигізбеңіз! Айналуы толық тоқтағанын күтіңіз. Өнім беру-
ге арналған қуысқа бөгде заттарды салмаңыз. Қолдану кезінде
мұқият болыңыз.
Құралдың сынуын немесе жарақатты болдырмау үшін бөгде заттар неме-
се қолмен жүктеу қуысына тығындамаңыз. Ол үшін жиынтық ішіне кіретін
итергішті қолданыңыз.
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқау-
лықтарды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге ТЫЙ-
ЫМ САЛЫНАДЫ!
Бұйым қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғалардың байқауында болмаған
балалардың, тиісті біліктілік пен тәжірибесі жоқ, сонымен қатар физикалық,
сенсорлық, ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдардың пайдалануына
арналмаған. Балаларды қосылып тұрған аспаптың қасында қараусыз қал-
дырмаңыз.

Содержание