Polaris PMG 1872 RUS [16/28] Ет тартқыш құрылғының бөлшектері мен керек жарақтарын құрастырып жинаңыз

Polaris PMG 1872 RUS [16/28] Ет тартқыш құрылғының бөлшектері мен керек жарақтарын құрастырып жинаңыз
16
ақаулы еместігіне көз жеткізіңіз, яғни олардың сыртында ешбір механикалық
зақымданулардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
2. Құрылғыны және оның жеткізілім жиынтықтығына кіретін барлық бөлшектерін және
керек-жарақтарын тексеріп шығыңыз, сонымен қатар құрылғының жеткізілім
жиынтықтылығына кіретін барлық бөлшектерінің және керек-жарақтарының бар
болғанына көз жеткізіңіз, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың («Құрылғының
жиынтықтылығы» 12 тарауын қараңыз).
3. Ет тартқыш құрылғыны алғашқы рет пайдаланар алдында құрылғының сыртқы бетінен
барлық жарнамаға қатысты жапсырмаларды алып тастаңыз, содан кейін, құрылғының
сыртқы корпусын және оның ішкі жағын ыдыс жууға арналған дымқыл, жұмсақ
шүберекпен сүртіп шығыңыз. Содан соң оны әбден құрғатып сүртіңіз. Құрылғының
тағаммен жанасатын барлық алынбалы бөлшектері мен қондырмаларын жылы су
ағының астында мұқият жуып, шайып шығыңыз да, жақсылап құрғатып сүртіңіз.
Назар аударыңыздар!
Пышақты ет тартқыш құрылғыға орнатқан кезде абай болыныз, пышақтың жүздері өте
өткір.
4. Аздаған өсімдік майымен пышақтың (9) және болаттан жасалған торшалардың (10)
жұмыс беттік қабаттарын майлаңыз.
4. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1. Ет тартқыш құрылғының бөлшектері мен керек-жарақтарын құрастырып жинаңыз.
Ет тартқыш құрылғының сыртқы корпусынан ұстап, алынбалы жұмысшы блогын (7)
құрылғының сыртқы жағында орналасқан ұяшыққа (4) орнатыңыз.
Алынбалы жұмысшы блоктің бекіткіш-батырмасына (3) басып, жұмысшы блогын
солға қарай, сағат тіліне қарсы бағытта бұрап, бекітіңіз.
Бұранда иірмекті (шнекті) (8) алынбалы жұмысшы блокқа (7) қондырыңыз да, бұранда
иірмекті (шнекті) орнына келгенше бұрап, орнатыңыз.
Бұранда иірмекке (шнекке) (8) крест тәрізді пышақты (9) кесетін жағын торшаға
қарайтындай етіп, қондырыңыз, әйтпесе ет тартқыш құрылғы жұмыс істемейді.
Пышақтан кейін (9) бұранда иірмекке (шнекке) (10) диаметрі әр түрлі дөнгелек тесіктері
бар тесіктелген торшалардың бірін (5/7мм) кигізіңіз. Камерадағы шығыңқы жері
торшаның ойықтарына дәл келіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сақиналы сомын (гайканы) (11) орнатыңыз, оны қатты тартпай бұрап, тірелгенше
бекітіңіз.
Алынбалы науаны (6) алынбалы жұмысшы блоктағы (7) орналасқан түтік тәрізді
салғыш мойынға орнатып қойыңыз да, бекітіңіз.
Ет тартқыш құрылғыны біртегіс, қатты, таза қабатқа орналастырып қойыңыз.
2. Етті ет тартқыш арқылы майда кесектерге турау үшін дайындаңыз, ол үшін етті
сүйегінен, шеміршектен және сіңірден ажыратып алыңыз, сонымен жұмысшы блоктағы
(7) орналасқан түтік тәрізді салғыш мойыннан етті оңай өткізіп алу үшін етті кесектеп
(шамамен 2х2х6см) дейін турау қажет.
Ет тартқыш құрылғының бөлшектері мен керек-жарақтарын құрастырып
жинамас бұрын, жарақаттанып қалу мүмкіндігін болдырмау үшін бұл
құрылғының сөніп тұрғанына және оның желілік баусымы электрлік
қоректену желісінен ажыратылып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Содержание

Скачать