Polaris PMG 1872 RUS Инструкция по эксплуатации онлайн [23/28] 537088

23
Бұл электрлік еттарқышпен ұзақ уақыттай созылмалы үздіксіз жұмыс істеу үшін
арналмаған, сондықтан, құрылғы қызып кетпес үшін, үздіксіз жұмыстың әрбір 3 мин
кейін, оны келесі қолданар алдында 60 минут уақытқа үзіліс жасап тұрыңыз,
мотордың сууына мүмкіндік беріңіз.
Бұл құрылғыда асқын жүктемелер кезіндегі қорғанысты қамтамасыз ететін
кіріктірілген қорғанышы бар. Егер де, жұмыс барысында құрылғының шамадан тыс
жүктелуi салдарынан құрылғы автоматты түрде тоқтап, сөніп қалатын болса, бұл
жағдайда төмендегі шараларын қолдана отырып, бірден келесідей жасау керек:
- құрылғының электр желілік баусымның айырын электр желідегі ашалы
розеткасынан ажыратып алыңыз,
- құрылғыны келесі қолданар алдында, ол суығанша кем дегенде 60 минутқа үзіліс
жасап, күте тұрыңыз.
Құралды балалар мен физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың пайдалануына
бермеңіз.
Ешқашан ақаулы құралды пайдаланбаңыз.
Еттартқышты тек түпнұсқалы бөлшектермен пайдаланыңыз. Құралмен бірге жинаққа
кірмейтін аксессуарларды пайдалану Сізді кепілді қызмет көрсетуден айырады.
Құралға көп мөлшерде өнімдерді салмаңыз.
10.ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫМЕН ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құрал тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық мақсатта
ұзақ уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе
адамдардың денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрал нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Құралды әрбір қосудың алдында қарап шығыңыз. Құралда немесе желілік сымда ақау
байқалса құралды розеткаға қосуға тыйым салынады.
Құрал еденге төнкеріліп, құлап түсіп кеткен жағдайда оны пайдаланбаңыз.
Егер құралдың жұмысқа қабілеттілігі жөнінде күмәндансаңыз оны пайдалануға
тыйым салынады.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке
алмағанда, білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық,
физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына
арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап
отырыңыз.
Іске қосулы құралды қараусыз қалдырмаңыз. Құралды балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыз!
Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа
ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды. Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны
бірден желіден ажыратыңыз. Сонымен бұл кезде қолды суға малуға болмайды.
Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы
керек.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан, тікелей
күн сәулесінен, сүйір бұрыштарға соғылудан, ылғалданудан сақтаңыз (ешқашан
құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз). Құралды дымқыл қолыңызбен
ұстамаңыз. Құрал суланған жағдайда оны бірден желіден ажыратыңыз.

Содержание

Скачать