Polaris PMC 0578AD [61/67] Құрылғыны сақтау және тасымалдау жөніндегі ережелері

Polaris PMC 0578AD [61/67] Құрылғыны сақтау және тасымалдау жөніндегі ережелері
61
Бірнеше уақыттан кейін тостақтың түсі өзгеруі мүмкін, мұндай әсердің болуы сумен және тазартқыш немесе жуғыш құрылғылармен жанасқандықтан болады, бұл қалыпты құбылыс болып
табылады, сонымен әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны және оның ішкі тостағын еш қауіпсіз одан әрі пайдалана беруге болады.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны және оның болшектері мен керек-жарақтарын тазарту үшін абразивті заттары бар жуғыш немесе тазартқыш құрылғыларды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
7. ҚҰРЫЛҒЫНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Электрлік құрылғылардың тасымалдауы нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау және механикаландырылған жүк тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ететін, жүкті көлігімен
тасымалдау қағидаларына сәйкес көліктің барлық жабық түрлерінде кез келген көлік құрылғыларымен жүзеге асырылады.
Құрылғыны тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық орама мен қаптама қорабын пайдалаю.
Электрлік құрылғыларды тасымалдау барысында оларды тікелей механикалық бүлінулерден, қызудан, оған тіке күн сәулесінің, атмосфералық жауын-шашындардың түсуінен, ылғал мен агрессивті
жемірлі орталар әсер етуінен қорғау шарттары қамтамасыз етілуі керек, сондай-ақ, құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмау үшін жоғарыда аталған әсерлердің кездейсоқ
тигізу мүмкіндігін болдырмауы керек.
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес, салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
8. БҰЛ ӘМБЕБАП АС ӘЗІРЛЕГІШ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАУАР РЕТІНДЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бұл әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны тауар ретінде өткізу жөніндегі ережелері белгіленген емес.
9. ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАБЫЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
Жарамсыз деп табылған тұрмыстық электрлік құрылғылар мен техникалық бұйымдарды кәдеге жарату барысында пайда болатын қатты тұрмыстық қалдықтары белгіленген тәртіппен және салалық
нормативті құжаттары бойынша көзделген қолданыстағы ережелер мен нормаларға сәйкес, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық
талаптар» Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға 2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.
Назар аударыңыздар! Құрылғының пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін бұл электрлік құрылғыны әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, оны одан әрі
кәдеге жарату мақсатында, қалдықтарды қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге жаратумен айналысатын ресми пунктке өткізіңіз. Осылайша, Сіз қоршаған ортаны
сақтауға өз септігіңізді тигізесіз.
Осы құрылғыны пайдалану барысында жарақаттанып қалу мүмкіндігін болдырмау мақсатында, сондай-ақ бұл құрылғының бұзылуы қаупін туғызатын себептерін
болдырмау үшін, сонымен қатар өрт қаупі бар жағдайларды болдырмау үшін осы нұсқалықта берілген барлық қауіпсіздік жөніндегі талаптары мен ережелерін және де,
тұрмыстық электрлі құрылғылармен пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бойынша барлық қолданыстағы жалпы нұсқауларын және техникалық пайдалану қағидаларын,
сонымен бірге бұл құрылғымен жұмыс атқару барысындағы қауіпсіздік жөніндегі негізгі сақтық шараларын қатаң сақтау қажет.
10. ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Бұл электрлік әмбебап ас әзірлегіш құрылғы электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуы тиіс, яғни құрылғының пайдалануы «Тұтынушылардың
электрлі қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес
жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл тұрмыстық электрлі әмбебап ас әзірлегіш құрылғы тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес пайдаланылуы тиіс.
Құрылғы осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Аталған құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, кембағал, сезім мүкістігі
бар немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, құрылғыны қолдану білімі мен тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Олар бұл құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Бұл құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын, осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты толығымен міндетті түрде мұқият оқып шығыңыз.
Әр жолы әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Құрылғының және оның электр желілік баусымның қандай да бір ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны
электр желіге, ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Әмбебап ас әзірлегіш құрылғы еденге не жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы (зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны қолданбаңыз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны білікті маманға көрсету қажет, оны тек қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана тексеріп шығуы керек.

Содержание

Скачать